Жыл басынан бері шетелдіктерге 4,6 млн. теңгеге айыппұл салынды

mvdgovkz 2014 M04 15
95
0
0
0

Жыл басынан бері шетелдіктерге 4,6 млн. теңгеге айыппұл салынды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.04.2014ж.ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың үш айында еліміздің көші-қон заңнамаларын бұзған...

Жыл басынан бері шетелдіктерге 4,6 млн. теңгеге айыппұл салынды - ҚР ІІМ. «ҚазАқпарат», 16.04.2014ж.
ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың үш айында еліміздің көші-қон заңнамаларын бұзған 475 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін - 10 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде: ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы (ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту) бойынша -7, ҚР Қылмыстық кодексінің 330-1 бабы (Ел аумағынан тысқары шығару туралы сот шешімін орындамау) бойынша - 2, ҚР Қылмыстық кодексінің 330-2 бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша -1 іс тіркелген.
Есепті кезең ішінде көші-қон полициясы қызметкерлері іздестіруде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 475 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, онын ішінде 422-і ТМД елдерінен, 53-і алыс шетелдерден. Бұған қоса, ҚР көші-қон заңнамасымен байланысты емес әр-түрлі құқық бұзушылық үшін 600 шетелдікке қатысты әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулыларымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ТМД-ның 9 азаматы шығарылды және 6 шетелдік әкімшілік қамауға алынған.
Департаменттің көші-қон полициясы 3 ай ішінде көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге жалпы сомасы 4 млн. 667 мың теңге әкімшілік айыппұл салды.

Оцените пост

0
Дальше