Ақтаудағы авиациялық базада жаңа штаб пайдалануға берілді

МО РК 2014 M04 9
287
0
1
0

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жұмыс сапармен Ақтау гарнизонында болды. Сапар барысында Бас...

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жұмыс сапармен Ақтау гарнизонында болды.

Сапар барысында Бас штаб бастығы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімінің жаңадан салынған штабының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа заманға лайықтап салынған штаб үйінде әскери қызметшілерге барлық жағдай жасалған. Ғимаратта офицерлердің мәжіліс залы, брифинг зал, психологиялық жеңілдеу бөлмесі, тіл үйренушілер үшін лингофон кабинеті, спорт залы, асхана орналасқан. Жаңа нысан қызметке қажетті құрылғылармен толықтай жарақтандырылған. Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да заманауи үлгіге сай жабдықталған. Онда жауынгерлік қызметті атқару үшін бейнеқондырғылар қойылған. Енді кезекші қызмет орнында отырып-ақ, авиациялық бөлімнің аумағын толықтай бақылауда ұстай алады. Штаб үйіндегі әскери қызметшілердің кең де, жарық қызмет бөлмелерінде жұмыс істеу қолайлы.

Әскери әуе күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімі 2011 жылғы 25 мамырда құрылып, сол күні Қазақстан Республикасының батыстағы әуе кеңістігін қорғау мақсатында жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Осы азғантай уақыттың ішінде әскери ұшқыштар бірнеше халықаралық әскери
оқу-жаттығуларға қатысып, тәжірибелерін шыңдады. 2011 жылғы 30 тамызда Конституция күніне арналған әскери парад пен 2013 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет өткізілген жауынгерлік парадқа қатысып, қазақстандықтардың құрметіне бөленді.

Ақтау гарнизонына жұмыс сапары барысында Бас штаб бастығы Ақтау гарнизонындағы  әскери нысандарда болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

1
Дальше