Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

Iskernews.kz порталы 2014 M04 9
186
0
0
0

  Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері...

 

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%,  Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

 

Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.

 

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы  Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған  салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

 

Қосымша ақпарат үшін:

 
 

Құрметпен,

Ербол азанбек

Баспасөз хатшысы

Жұмыс.:  +7 727 258 59 65

ішкі 2945

Ұялы.:     +7 702 280 50 30

www.kaspibank.kz

 

Оцените пост

0
Дальше