Қаржы полициясы жалған ақша жасаумен айналысқан 2 астыртын цехтың қызметін әшкереледі

Жамбыл облысының қаржы полициясы ағымдағы жылғы наурызда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жалған ақша жасап келген 4 адамнан тұратын топтың заңсыз қызметін анықтап, оның жолын...

Жамбыл облысының қаржы полициясы ағымдағы жылғы наурызда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жалған ақша жасап келген 4 адамнан тұратын топтың заңсыз қызметін анықтап, оның жолын кесті.
Осылайша, 200 теңгеден 10 000 мың теңгеге дейінгі жалған купюраларды жасайтын 2 цехтың қызметін ұйымдастырғандары үшін Тетіков, Шұрымбаев, бұрын сотталған Ванаймоз және Әзірбайжан Республикасының азаматы Аслановтар ұсталды.
Жалған ақша жасалған пәтерлерді қарау кезінде көпфункционалды түрлі-түсті принтерлер, жеке компьютерлер, арнайы қағаз, сондай-ақ жалған купюралардың жартылай дайын нұсқалары алынды.

Тетіков, Шұрымбаев, Ванаймоз және Аслановқа қатысты жалған ақша жасау және тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот санкциясымен олар қамауға алынды.
Қылмыстық істі тергеу барысында департамент қызметкерлері аталған тұлғалармен жасалған жалған ақшаны таратудың 500-ден аса эпизодын анықтады, оның ішінде басқа аймақтарда орын алғандарын да.
Осылайша, бұрын ашылмай тұрған жартымыңнан астам қылмыс ашылды.

Оцените пост

0
Дальше