Қазақстанның және Францияның Қарулы Күштері кадр саясаты мәселелері бойынша тәжірибе алмасуда

МО РК 2014 M03 28
249
0
0
0

Қорғаныс министрлігінде Кадрлар, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті және Қарулы Күштердің Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының және Франция тарапы өкілдерінің кездесуі...

Қорғаныс министрлігінде Кадрлар, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті және Қарулы Күштердің Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының және Франция тарапы өкілдерінің кездесуі өтті.

Франция делегациясының құрамында Франция Құрлық әскерлері Адам ресурстары дирекциясы кадрлар басқармасының бастығы полковник Франсуа Давид, Париж аумағы бойынша кадрларды қызметке іріктеу және қабылдауды басқару департаментінің бастығы, ақпараттық-кадрлық орталығының директоры подполковник Жак Видо және Қазақстан Республикасындағы Францияның әскери атташесі полковник Кристиан Бартлен болды.

Кездесу барысында екі тарап әскери қызметшілердің қызметтік өсулері, азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге  насихаттау және қабылдау, әскери атақтар жүйесі, адам ресурстарын басқару, әскери қызметшілерді оқыту, сондай-ақ зейнеткерлікке шығару және армияны кәсібилендіру сынды бірқатар мәселелерді талқылады.

Францияның Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметке шақырылмайтын кәсіби армияның 20 жылдық тәжірибесіне ие және рекрутинг, тарту пункт желілері мен жасақтауды ұйымдастыруда, қызметтік өсуді құру және қызметі бойынша өсуде тәжірибесі мол. Сондай-ақ жеке құрамды бағалау мен аттестаттауда және Қарулы Күштерге реформа жүргізуде өзіндік ерекшелігі бар.

Кездесу соңында ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы генерал-майор Талғат Мұхтаров француздық әріптестеріне алғысын жеткізе отырып:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қарқынды және мақсатты түрде дамып келеді және жоғары кәсіби армияның заманауи қару-жарақ пен техникаға ие болуы – ұлттық мүдденің қорғалуының басты талабы болып табылады, - деп атап өтті.

Қазақстан мен Франция әскери қызметшілерінің арасындағы тәжірибе алмасу ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырылған. Оған қоса, Қазақстанның қорғаныс ведомствосы халықаралық әскери ынтымақтастық аясында кадрлық саясат, қызметтік өсу, әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлау, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери міндеттілерді әскери қызметке қабылдау мәселелері бойынша жетекші шет мемлекеттердің Қарулы Күштерімен тәжірибе алмасып келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0