Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

Kazsport agent 2014 M03 12
167
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. 69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде.

69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді. Қазақстандық 271 келіні (122+149) бағындырса, ирандық спортшы 274 келіні (121+153) басынан асыра көтерді. Тимур Хасаров (56 келі) бұл чемпионатта жетінші (98+120=218 келі) орынды қанағат тұтты.

 
Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0