Ақтаулық дзюдошы Айбек Имашев Еуропа чемпионы атанды

Kazsport agent 2014-3-3 23:09
162
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Прагада дзюдодан Еуропа Кубогы аяқталды. Оған Англия, Франция, Әзербайжан, Қазақстан және басқа да елдерден іріктелген таңдаулы спортшылар қатысты, деп жазады...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Прагада дзюдодан Еуропа Кубогы аяқталды. Оған Англия, Франция, Әзербайжан, Қазақстан және басқа да елдерден іріктелген таңдаулы спортшылар қатысты, деп жазады sports.kz.

Дүбірлі додаға барлығы 255 спортшы қатысқан. 60 килограмм салмақ дәрежесінде еліміздің атынан ақтаулық спортшы Айбек Имшаев бақ сынады. Ол алдымен польшалық Вавизичеконы ұтып, одан соң израильдық Рахимді жер жастандырса, одан кейін болгарлық Гарчевті жеңген.

Жартылай финалда бұл спортшымыз испандық Джимено Джаудиноннан басым түсті. Ал финалда белорус спортшысы Багировтан айқын басымдылығын көрсетті. Барлық алты тайталасын Айбек айқын жеңіспен аяқтады.

«Қазақстан құрамасында барлығы 24 спортшы болды. Екі спортшымыз қола медаль иеленсе, Айбек Имашев ең жоғары дәрежелі медальға қол жеткізген ұлттық құрамадағы бірден-бір дзюдошы атанды. Ол бірнеше ай бойы үзбей жаттығып, чемпиондық титулға ие болуды мақсат етті және сол мақсатына жетті де», — дейді Маңғыстаудағы Дзюдо және қазақша күрес федерациясының жауапты хатшысы Жамбыл Бейсенқұлов.

Айбек Имашевтың жасы 22-де, ол Шахмардан Есенов атындағы университетте білім алып жүр. Дзюдо мектебіне 7 жасынан барған. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі Еуропа чемпионы.

Басты сөздер: Маңғыстау облысыСпорт
 

Оцените пост

0

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему