Қызметтік иттердің көмегімен 149 қылмыстың беті ашылды.

mvdgovkz 2014 M02 20
176
0
0
0

Қызметтік иттердің көмегімен 149 қылмыстың беті ашылды. «Baq.kz», 21.02.2014ж. Алматы облысында орын алып жатқан қылмыстардың бетін ашуда қызметтік иттердің орны ерекше. Олар негізінен есірткі...

Қызметтік иттердің көмегімен 149 қылмыстың беті ашылды. «Baq.kz», 21.02.2014ж.
Алматы облысында орын алып жатқан қылмыстардың бетін ашуда қызметтік иттердің орны ерекше. Олар негізінен есірткі заттары мен жарылғыш заттарды табуға үйретілгенімен, із кесуге де бейім. Кинология орталығының иттері өткен жылы 149 қылмысты ашуға көмектесіпті. Оның ішінде: 5 адам өлтіру, 68 ұрлық, 12 қарақшылық пен тонау қылмыстары бар. Сондай-ақ, иттердің көмегімен 4 әйел зорлау қылмысы да анықталып, 56 факт бойынша есірткі заттары тәркіленген.

Ал, биылғы жылдың қаңтар айында мақұлықтардың көмегімен 16 қылмыс ашылды. Аталған орталықта қазір 17 ит үйретілуде, олар негізінен неміс овчаркасы, бельгиялық малинуа және спаниели тұқымдасына жататын иттер. Кинологиялық орталыққа қазір тағы да 9 ит әкелініп, оларды тәжірибелі инспектор-кинологтар із кесуге үйретуде. Жақында жануарларды ұстауға арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Қызметтік із кесуші иттер қазіргі таңда әрбір аудандық ішкі істер бөлімшелерінде және «Шеп» бақылау-өткізу бекеттерінде қылмысты ашуға көмектесуде

 

Оцените пост

0
Дальше