Аудиопоэзия «Тағы, көңіл неліктен, елең етті»

Аудиопоэзия «Тағы, көңіл неліктен, елең етті»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағы, көңіл неліктен, елең етті?

Сені көріп көшеден, көңіл кетті.

Оралғандай бар сезім, енді дертке,

Тұра алмадық неліктен, берген сертке?

 

Еске салып түсірдім, сол күндерді,

Ең бақытты мен үшін, сол кездерді.

Шіркін-ай, сағындырған, сол түндерді,

Сен кеткен соң, үмітім, әбден сөнді.

 

Сағыныштан сарғайды, енді жаным,

Еске алу, қалғаны, бар болғаным.

Амал қанша, өзің едің, бар бағым,

Көп сұраққа, бір де жауап, таппадым.

 

Қыста өтер, келер тағы, көк жазым,

Армандаумен, бұл таңымды, атырдым.

Неге солай, түсінеді, енді кім?

О, тағдырым, неге осылай, сүріндім?

 

Бар болғаны, құлап сені, сүйгенім,

Сенің көңілің, сен үшін деп, жүргенім.

Әр сөзіңе, ойланбастан, мен сендім,

Ойланбастан, сүйді сені, жүрегім.

 

Бәрін білем, ешкім тұрмас мәңгілік,

Айналдырып, алып кетер тіршілік.

Бұл махаббат, болып едім, мен сендік,

Тілейтінім, енді өзіме, бол берік.

 

Біреу айтар, жүрегіңді ауыртпа,

Заман сондай, сен өзіңді жоғалтпа.

Сенгім келмейді, мүмкін емес, осылай,

Неге ойнадық, біз сезіммен, ойланбай.

 

Кеш болғанын, қалыппын ғой байқамай,

Адамдарда, кетіп барады-ау, тоқтамай.

Тұншығамын, сырымды мен аша алмай,

Сергелдеңде, қалдым – ау мен, осындай.


Оцените пост

0

Комментарии

0
Аудиопоэзия «Тағы, көңіл неліктен, елең етті» по ссылке kaztube.kz
Показать комментарии
Дальше