«Астана» үмітін әлі үзген жоқ

Kazsport agent February 5, 2014
156
0
0
0

Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы соңғы үш ойында да жеңіске жетіп, жағдайын біршама түзеп алды, деп хабарлайдыTengrinews.kz »Алаш айнасы» газетіне...

Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы соңғы үш ойында да жеңіске жетіп, жағдайын біршама түзеп алды, деп хабарлайдыTengrinews.kz »Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап.
 

Биылғы маусым басталғалы кежегесі кейін тартып, жеңілісі жиілеп кеткен «Астана» желтоқсанның басында бас бапкерін ауыстырған. Қазақстан клубы «ВТБ бірегей лигасының» плей-офф додасына ілігуден үмітін түпкілікті үзе бастағанда, шыдамы таусылған клуб басшылығы «Астананы» екі жыл жаттықтырған Италия маманы Маттео Бонничиоллиді қызметінен босатқан болатын. Іле-шала оның орнына серб маманы Александар Трифунович тағайындалған еді.

Әрине, «Астана» бірден түлеп шыға елген жоқ. Әйткенмен, әрбір кездесу сайын ойын өрнегі үйлесіп, көп күттірген жеңістерге де қол жеткізе бастады. «Астана» бас бапкері ауысқалы бері жеті ойын өткізіп, соның төртеуінде басым түсті.

Әсіресе соңғы ойындарда қарқынын үдетіп, қаңтардың екінші жартысынан бері үш рет қатарынан жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, астаналықтар түзде «Красные Крылья» (Самара) клубын 77:66 есебімен ұтып, елордада «Красный Октябрь» (Волгоград) командасын 106:86 есебімен, ал «Азовмаш» (Мариуполь, Украина) баскетболшыларын 95:80 есебімен тізе бүктірді.

Осы үш жеңіс «Астананың» өшіп бара жатқан көмескі үміт сәулесін қайта тұтатты. Енді қалған төрт ойында осы қарқынынан таймаса, плей-оффқа ілігуі де ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, енді «Астана» баскетболшылары «Химки» (Ресей) және «Цмоки-Минск» (Беларусь) клубтарын сәйкесінше 8 және 23 ақпан күндері елордада қабылдап, «Нептунас» (Клайпеда, Литва) және ВЭФ (Рига, Латвия) командаларымен түзде кездеседі (9 және 24 наурыз күндері).

Автор: Нұрғазы Сасаев  

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/allsports/astana-umtn-al-uzgen-jok-545/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

Оцените пост

0