Дәріс 4. «Арманың, тек жоғары тәуекел болған кезде іске асады...»

Мысал #1. Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы инвестициясы 1200 $. Facebook әлеуметтік желісі жатақхананың бөлмесінде «қарапайым aplle» компьютерінде құрылды. Facebook әлеуметтік желісін...

Мысал #1.

Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы инвестициясы 1200 $.

Facebook әлеуметтік желісі жатақхананың бөлмесінде «қарапайым apple» компьютерінде құрылды.

Facebook әлеуметтік желісін құрғандардың арнайы білімі, немесе жоғарғы оқу орнын бітірмеген 23 жастағы студенттер.

Бүгін ең ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Қазіргі таңда Фейсбуктің аудиториясы 1,11 миллиард пайдаланушыны құрайды.

 

Facebook әлеуметтік желіcінің негізін салушы Марк Цукерберг 23 жасында әлемдегі ең жас миллиардер атанды.

 

2012 жылы Facebook-тің құны 104 миллиард долларға бағаланса, ал биыл әлеуметтік желінің капиталы 134 миллиард долларға өсті.

Мысал #2.

 

Уоррен Баффет байлығы 30,5 миллиард $ қаржылық қоры бар.

Уоррен Баффет — Forbes тізіміндегі екінші адам.

Уоррен Баффет мектепте жүргенде капиталист болатынына іштей шешім шығарған.

Уоррен Баффеттің оқуға кеңес берген кітабы: Бенджамин Грэхем, «Разумный инвестор».

Уоррен Баффет он екі жасында миллиардер болуға бекем бел буған.

Уоррен Баффет тапқан қаражатты киімге немесе қымбат көлікке, зәулім үйлерге емес өндіріске, өнеркәсіпке салған.

Уоррен Баффет әлемдегі #1 филантроп, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан.

Уоррен Баффеттің ақшаны қайда салуға болады деген сұраққа жауабы төмендегідей:

• түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік өндірісі немесе банк ісіне);

• жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”);

• халықаралық франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”);

• күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”).

Инвестордың бизнесмендерге кеңесі: «Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді»

Уоррен Баффеттің үстіндегі костюмдері ескі емес, тек ол соның үстінде солай көрінеді))..

 

Мораль: Іс бастауға беліңді бекем бусаң, тәуекел етіп бастағаның дұрыс. Бизнес мынау кәрі, мынау жас деп бөлмейді.

 

П.С.: Бизнес саласындағы адамдардан кейінгі, нәтижелі жұмыс жасағандардың қатарында ірі саясаткерлер... Олар туралы келесі дәрісте...

 

Сәттілік бізбен бірге.

 
Ескерту. Кейбір ақпараттар http://www.wikipedia.org/ сайтынан алынды.
 

Оцените пост

0