Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонында Елбасы Жолдауын түсіндіруді бастады

МО РК 2014 M02 4
281
0
0
0

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына...

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Бүгін Алматы гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары шеңберіндегі жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік ететін ақпараттық-насихаттау тобы Алматы гарнизонының әскери қызметшілеріне Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді. Әскери бөлім командирлері, әскери оқу орындары мен мекеме бастықтары Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Жолдауын талқылады.

– Мемлекет басшысының Жолдауы – стратегиялық құжат, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын нақты тапсырмалардан тұратын бағдарлама. Еліміздің кез келген азаматы еңбегімен, жұмыстағы тәжірибесімен тәуелсіз елдің гүлденуіне өз үлесін қосуы керек, -  деп атап өтті топ жетекшісі.

Алдағы күндері ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, Қарулы Күштермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерін пысықтайды. Сондай-ақ, олар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, олардың отбасыларымен танысады.

Топ құрамындағы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі әскери бөлімдер мен оқу орындарында болып, өз өнерлерін көрсетеді.

Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған топтың Алматы гарнизонындағы жұмысы 8 ақпанға дейін жалғасатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше