Оралда қос бірдей ансамбль халықтық атағын иеленді

МК РК 2014 M01 28
167
0
0
0

ҚазАқпарат, 29.01.2014 Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында «Сударушка» және «Әже сәлемі» ансамбльдеріне халықтық атағы берілуіне орай концерт қойылды. Аталмыш өнер ұжымдарын қала әкімінің...

ҚазАқпарат, 29.01.2014

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында «Сударушка» және «Әже сәлемі» ансамбльдеріне халықтық атағы берілуіне орай концерт қойылды.

Аталмыш өнер ұжымдарын қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Алдабергенов құттықтап, сертификаттарын табыс етті.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, «Сударушка» ансамбліне өткен жылы 45 жыл толды. Әр жылдары ансамбльге Николай Жигалин, Николай Новиньков, Павел Холбошин, 2008 жылдан бері Светлана Горшкова жетекшілік етіп келеді. Қазіргі құрамында 12 адам бар.

«Әже сәлемі» ансамблін осыдан он жыл бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұрқия Ершориева құрды. Алғашқы кезде Зоя Сүлейменова, Бегайша Ахметова, Бәтима Өтеғалиева, Әмина Сатқанова, Мәдина Есқалиева сынды әжелер ән салды. Қазіргі кезде олардың қатары 14-ке жетті. Олар халық әндерін салумен ерекшеленеді.

 

Оцените пост

0