Қазақстан Қарулы Күштерінің спортшылары парашют спорты бойынша халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

МО РК 2013 M12 11
246
0
0
0

Қазақстан Республикасының парашют спорты бойынша ұлттық құрама командасы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық авиация федерациясының (FAI) күнтізбелік жоспарына сәйкес халықаралық...

Қазақстан Республикасының парашют спорты бойынша ұлттық құрама командасы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық авиация федерациясының (FAI) күнтізбелік жоспарына сәйкес халықаралық жарысқа қатысты.
Ұлттық құрама сапында Қазақстан Қарулы Күштері Парашюттік даярлық орталығының спортшылары өнер көрсетті. Жарысқа Франция, Ресей, Қазақстан, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Оман сияқты алты елдің командалары қатысты.
Аттары аталған елдер командаларының арасында Қазақстан құрамасы Франция мен Ресей спортшыларынан кейінгі үшінші орынды иеленді.
Жарыс «Төрт парашютшінің орын ауыстыруы» атты күмбезді парашют акробатикасы бағдарламасы бойынша жүргізілді.
Прапорщик Арсений Тарабаев, старшина Андрей Томилин, старшина Денис Новицкий, қызметкерлер Александр Терентьев және Герман Векслер сияқты ҚР Қарулы Күштері Парашюттік даярлық орталығының спортшылары осы чемпионатта қазақстандық құрама команда қоржынына қола медаль алып келді.
Ірі жарыстарда Орталық Азия өңірінен біздің командамыз өнер көрсетіп, биік беделге ие болып келеді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше