Ел футболындағы ауыс-түйістер

Kazsport agent December 2, 2013
135
0
0
0

Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз. «Атырауға» жаңа бапкер келді «Атырау» командасының бас бапкері болып беларустық маманВладимир Белявский тағайындалды. Ал Қазақстан футбол...

Ел футболындағы ауыс-түйістер

Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.

«Атырауға» жаңа бапкер келді

«Атырау» командасының бас бапкері болып беларустық маманВладимир Белявский тағайындалды. Ал Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры қызметін атқарып келген тағы да бір беларусь маманы Анатолий Юревич те батысқазақстандық команданың оқу-жаттығуына жауапты қызметкер болып сайланды.

Виктор Кумыков «Шахтерда» қалады

50 жастағы қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкеріВиктор Кумыков келер маусымда да «кеншілер» ұжымын жаттықтыратын болады. Ресейлік маман осы маусымда клубтың 55 жылдық мерейтойына орай үлкен сый жасады десек болады. Команда тізгінін Виктор Кумыков ұстағалы бері екі рет ел чемпионы, ҚР Кубогы және Суперкубогы атақтарына қол жеткізді. Сонымен қатар қазақ футболының тарихында тұңғыш команда болып еурокубоктың топтық кезеңіне жолдама алды.

Қонысбаев «Шахтерға» қайта оралды


Қарағандылық «Шахтер» Ұлан Қонысбаевты қатарларына қосты. 24 жастағы футболшы осыған дейін 2011 жылы «кеншілер» сапында өнер көрсеткен де болатын. 11 кездесу өткізіп, 1 ғана гол соққан еді. Кейіннен«Астанаға» ауысқан футболшы осы маусымда ел чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізді. 30 кездесу өткізіп, 5 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Енді шабуылшының елордалық командамен келісімшарты аяқталды. Қазір Ұлан жаңа командасымен Израилде жаттығу жасап жүр.

Ал осыған дейін:

  • Бауыржан Байтана «Тобылдан» «Таразға» қайтып келді. Ол былтырғы маусымда «Тобыл» сапында жалда болған еді.
  • Бапкер Дмитрий Огай ресми түрде «Қайсар», ал өзбекстандық маман Вадим Абрамов «Астана» командасымен келісімшартқа отырды.
  • «Ордабасы» командасы Пирәлі Алиевпен келісімшартын тағы бір маусымға созды
  • «Атырау» футбол клубы минскілік «Динамоның» футболшылары Павел Пласконный мен Александр Быченокқа қызығушылық танытуда.
  • Қостанайлық «Тобыл» ресейлік шабуылшы Александр Алумонамен келісімшартты созбайтын болды.
  • «Астана-1964» командасының футболшысы Дидар Сыдықбек («Ордабасы» командасына жалда жүрген) «Легия» командасының бапкерлерімен кездесіп, клуб сапында бірнеше жаттығу жиынына қатыспақ.
  • Қысқы оқу-жаттығу жиыны барысында «Ақтөбе» командасының қатарына ивуарлық Серж Дебле келіп қосылмақ. Бұл шабуылшы бұған дейін армениялық «Ширак» командасында өнер көрсеткен.
  • 2011 жылы «Ақтөбе» командасындағы үздік шабуылшысы атанғанМалик Мане клубқа қайта оралуы мүмкін. 
  • «Тобыл» командасының австриялық футболшысы Менсур Куртишикомандадан кететін болды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

Оцените пост

0