Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы Азия чемпионы атанды

Kazsport agent 2013 M11 28
160
0
0
0

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Павлодар қаласында өткен Азияның ашық чемпионатынан олжалы оралды. Аталмыш жарысқа тоғыз мемлекеттен 110-нан астам спортшы қатысты. Соның ішінде БҚО-дан барған...

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Павлодар қаласында өткен Азияның ашық чемпионатынан олжалы оралды
Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Павлодар қаласында өткен Азияның ашық чемпионатынан олжалы оралды.

Аталмыш жарысқа тоғыз мемлекеттен 110-нан астам спортшы қатысты. Соның ішінде БҚО-дан барған екеудің бірі, Оралдағы №19 орта мектептің 7-сынып оқушысы Әсет Қайыржанов жасөспірімдер арасында алтыннан алқа тағынса, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті Ақгүл Нұрғалиева жастардан қола жүлдені иеленді. Әсет — қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы тоғызқұмалақ үйірмесінің мүшесі. Бұдан бұрын да екеуі осы жылдың басында тоғызқұмалақтан Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы жекелей және жекелей-блиц бойынша республикалық чемпионаттан табысты оралған болатын.

Тоғызқұмалақ бойынша облыс бапкері Қанапия Қаяпбергеновтің айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өткен. Оның барысында халықаралық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов ойынға қатысушыларға алдағы күнде де сәттілік тілеп, бұл ойынды әлемдік деңгейге жеткізу керектігін айтты.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0