ҚР Қорғаныс министрлігі: Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволары арасында 2014 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

МО РК 2013 M11 27
242
0
0
0

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін әскери қызметшілері өздерінің литвалық әріптестерімен кездесті. Жиырма жылдан бері...

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін әскери қызметшілері өздерінің литвалық әріптестерімен кездесті.

Жиырма жылдан бері Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы барлық деңгейде жүйелі диалогты қолдап келеді. Бұл түрлі салалардағы конструктивті қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Литва әскери ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамуда. Әскери қызметшілерді Литваның әскери оқу орындарында курстық даярлық жүйесі бойынша оқыту оның негізгі бағыты болып табылады. Жыл сайын қазақстандық әскери қызметшілер медицина курстарына және нұсқаушы-сержанттарды даярлау курсына қатысып келеді.
-    Біз екі ел арасындағы достық байланыстардың бұдан әрі нығайтуға мүдделіміз. Литвалық әскери қызметшілердің «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуына жыл сайын қатысуын атап өткім келеді және Литва әскери-медициналық орталығын Қазбригтің медицина қызметі жеке құрамымен сабақтар өткізгені үшін алыс білдіргім келеді, - деп ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков атап өтті.
Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволарының өкілдері биылғы өзара іс-қимыл жасаудың қорытындыларын шығарып, 2014 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше