Қазақ балуаны алтын алды

Kazsport agent 2013 M11 24
158
0
0
0

Бакуде өтіп жатқан «Голден Гран При» турнирінде 55 келіде белдескен қазақ балуаны Нұрсұлтан Қалмұрзаев чемпион атанды. Ол ширек финалда кілем иесі Сакит Гулиевті жеңсе, жартылай финалда тағы бір...

Нұрсұлтан Қалмұрзаев

Бакуде өтіп жатқан «Голден Гран При» турнирінде 55 келіде белдескен қазақ балуаны Нұрсұлтан Қалмұрзаев чемпион атанды.

Ол ширек финалда кілем иесі Сакит Гулиевті жеңсе, жартылай финалда тағы бір қазақ балуаны Жансерік Сәрсембиевті ұтты. Ал финалда әзірбайжандық балуан Орхан Ахмедовпен 3:3 есебімен тең түскен. Төрешілер қауымы белсенді күрескен Нұрсұлтанды жеңімпаз деп таныды.

Қола жүлдегер қатарында Жансерік Сәрсембиев те бар. Ол қола жүлде үшін күресте жапон балуанын жеңді, деп хабарлады alasharena.kz.

   

Оцените пост

0