Қостанайда зейнеткерді тонаған топ ұсталды

mvdgovkz 2013 M11 21
131
0
0
0

 Қостанай облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған топ мүше­лері тәулікке жетпей құ­рықталды. Тексере келгенде, оны ұйымдастырушының әйел адам екені анықталды. Бір қызығы, топтың дем берушісі...

 Қостанай облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған топ мүше­лері тәулікке жетпей құ­рықталды. Тексере келгенде, оны ұйымдастырушының әйел адам екені анықталды. Бір қызығы, топтың дем берушісі тонауға ұшыраған 72 жастағы қарияның жақсы танысы екен. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қараша күні орын алған. Сол күні түнгі сағат 1 шамасында күдіктілер көлік жалдап, зейнеткер тұратын Аққұдық ауылына тартып кетеді.   «32 жастағы әйел Аққұдық ауылында зейнетақы алатын қарияның тұратынын жақсы білген. Мұның үстіне, зейнеткердің жалғызбасты екені өзіне аян болғасын, ол арнайы топ құрып, оны тонауды ұйым­дас­­­­­тыруға бекінеді. Ал топқа 1988 және 1990 жылда­­­ры туған екі жас жігітті тартады», – делінген хабарламада.
Олар көздеген үйлеріне келіп, оның есігін сындырып, ішке кіреді де, кемпірді пышақпен қорқытып, ақша беруін талап етеді. Қарақшылар қарияның ақша жоқ екенін айтып қарсыласқанына қарамастан, бөл­­­­­мелерді тінтіп жүріп, 12 мың теңге тауып алады. Олар бұған қоса кейуананың ұялы телефонын да ала кетеді.
Мұның бәрін білген бойда зейнеткердің көршісі дереу құқық қорғаушыларға хабар береді. Ол артынша жетіп келген полицейлерге тонаушыларды сырттан басқарып тұрған әйелдің түр-түсін суреттеп береді. Тәртіп сақшылары осы белгілері негізінде ұйымдасқан үшеуді тап бастырмай ұстайды.

Оцените пост

0
Дальше