Астана қаласында Дін істері агенттігі «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум өткізеді.

АДР РК 2013 M11 20
379
0
1
0

2013 жылдың 22 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі...

2013 жылдың 22 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірлесе «Дін және әйел» тақырыбында форум өткізеді.

Форумның мақсаты: «Дін және әйел» тақырыбын жалпыхалықтық деңгейде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың дін негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету.

Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет, дін және қоғам қайраткерлері, БАҚ қатысады.

Уақыты: Басталуы – 11.00-де. Журналистерді тіркеу сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 5 үй, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің мәжіліс залы.

Аккредитация және толық ақпарат алу үшін Сіздерді мына тел: 74-09-50, 8 701 387 87 77 Айжан, a.iskakova@din.gov.kz, электрондық поштасы бойынша қызметке хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Оцените пост

1
Дальше