Қостанай облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл ұйымдастырған әйел қолға түсті

mvdgovkz November 19, 2013
196
0
0
0

 Қостанай облысының полицейлері 72 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалғанын анықтады. Оны қарияны танитын әйел ұйымдастырған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. «32 жастағы...

 Қостанай облысының полицейлері 72 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалғанын анықтады. Оны қарияны танитын әйел ұйымдастырған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. «32 жастағы әйел Аққұдық ауылында зейнетақы алатын жалғызбасты қарияның тұратынын жақсы білген. Сөйтіп оны тонауға бел буады. Ол үшін 1988 және 1990 жылдары туған екі сыбайласының әрқайсысына «рөл» бекітіп береді. Оладың біреуі есікті сындырып, ал екіншісі зейнеткерді тонауы керек болған»,-делінген хабарламада.    18 қарашада түнгі сағат бірде күдіктілер такси жалдап, Аққұдық ауылына келеді.
Көрші көшеге келіп жеткен кезде, олар такси жүргізушісіне күте тұруды сұрап, өздері зейнеткердің үйіне бағыт алады. Сөйтіп, үйдің есігін сындырып, зейнеткерді пышақпен қорқытып, одан ақша талап етеді. Қария үйде ақша жоқ екенін айтса да, қарақшылар бөлмелерді тінтіп, 12 мың теңге және ұялы телефон алып кетеді.
Зейнеткердің көршісі тәртіп сақшыларын шақырады да, тонаушыларды басқарған әйелдің түр-келбетін сипаттап береді.
Полицейлер күдіктілерді ұстады. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды

Оцените пост

0