• 19897
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Дүкен Мәсімханұлы: Қытайда айтыспен қоса қазақтың 32 мәдени мұрасы қорғалады

АСТАНА. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Жақында Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданында Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі, Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы Үкіметі және Іле қазақ автономиялы облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу және дамыту» атты халықаралық конференция өтті. Оған ҚХР Мәдениет министрлігінің өкілі Бай Биң, ШҰАР Үкімет басшысының орынбасары Тілепалды Әбдірашитұлы, Іле облысының әкімі Мәнен Зейнелұлы және Қазақ елінен арнайы шақырылған мамандар қатысты.  Біздің елден барған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Баймолдаев, айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазин, М.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты Қолжазба бөлімінің меңгерушісі  Тоқтар Әлбеков және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Дүкен Мәсімханұлы осы жиналыстың басы қасында болып қайтты. Шыңжаңдағы қазақтардың айтыс өнері аспан асты елі тарапынан қандай деңгейде қорғалып жатқаны жайлы сауалдар төңірегінде Дүкен Мәсімханұлымен әңгімелескен едік.

– «Қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу және дамыту» атты халықаралық конференцияның қандай деңгейде өткенін сол елдің тиісті мекемелер басшыларының қатысқанынан-ақ байқауға болатын сияқты. Қытайдағы қандастарымыз айтыс өнерін сақтап қалу және оны дамытуда сол елдің қандай қамқорлықтарына бөленіп отыр екен?

– Бұл конференция ҚХР Үкіметінің арнайы тапсырмасымен рухани мәдениет, яғни олардың атауы бойынша бейзаттық мәдениетті қорғау аясында өтіп жатқан шаралардың біріне жатады екен. Себебі Қытай - ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдениетті қорғау конвенциясына қол қойған, соған мүше мемлекет. Сондықтан, олар қазірге дейін өздерінің үлкенді-кішілі материалдық емес мұраларын және ұйғырдың «12 мұқамын», «Мәшірабін», қырғыздың «Манасын», моңғолдың «Жәңгірін», Тибеттің «Гсарын» сол ұлттардың атынан ЮНЕСКО-ның қорғауына енгізіпті. Оларда рухани мәдениетті қорғауы екі түрлі жолмен жүзеге асады. Бірі, мемлекеттің қорғауындағы рухани мәдениет, екіншісі, халықаралық деңгейдегі ЮНЕСКО-ның қорғауындағы рухани мәдениет. Осы негізде қазақтың 32 мәдени мұрасы Қытайда республика деңгейінде қорғауға алынған. Оның ішіндегі ең бастысы қазақтың айтыс өнері болып саналмақ.

Қазақ айтыс өнерін қорғау, насихаттау мақсатында Қытай Үкіметі жыл сайын миллиардтаған юань бөліп отырады екен. Бір жыл сайын аудандарда, екі жыл сайын аймақ деңгейінде, үш жылда бір облыс деңгейінде тұрақты түрде ақындар айтысы өткізіледі. Осы өткізілген айтыстардан жүлде алған ақындарға бір жолғы сыйақымен қоса тұрақты степендия беріп отырады. Бұдан сырт Үрімжідегі Мәдениет басқармасы Рухани мұраларды зерттеу орталығында және Күйтің қаласындағы Күйтің педагогикалық институтында Айтыстану ғылыми орталығы жұмыс істеп келе жатыр. Аталмыш орталықтар айтыс өнерін арыдан зерттеумен қатар, айтыс мәтіндерін қытай тіліне және ағылшын тіліне аудару, айтыс өнерін зерттеуге, дамытуға арналған конференциялар өткізу сияқты толып жатқан шараларды өткізуді өз міндетіне алған. Соның бір дәлелі, Күйтіңдегі зерттеу орталығы «Қазақ айтысының тарихы» атты екі томдық монографияны шығарып қана қоймай оны қытай тіліне аударыпты. Енді осы екі томдықты ағылшын тіліне аударғалы жатса, жеті томдық «Қазақ айтысының жинағын» да шығарып үлгерген. Ол да хан тіліне аударылмақ. Сонымен қатар, Қытайдың Құлжа қаласында орналасқан Іле педагогикалық институтының Филология факультетінде «Айтыс ақындарын дайындау» мамандығы ашылғанына да екі жыл болған. Онда шешен, сурыпсалмалық қасиеті бар, мектепте ақындық қырынан таныла білген жастар шығармашылық емтиханнан сүрінбей, оқу бітіру емтиханынан жоғары балл алғанда ғана оқи алады.

2010 жылдан кейін екінші рет ұйымдастырылған конференцияда айтыстың қазіргі даму деңгейі, зерттелуі, ұлтымыз руханиятының алтын діңгегі ретінде сақтап қалу мәселелері қытай және қазақ зерттеушілері тарапынан жан-жақтылы талқыланды.

 

– Хан ұлтының өкілдері де жауһар мұрамызды ұлықтауға үлес қосып жатқан болды ғой?

– Қазақ тілін жетік білетін Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің профессоры Уй Шун, Шыңжаң өлкесі Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Майыңшың профессор және басқа да санаулы қытай ғалымдары біздің айтыс өнерімізді зерттеп жүріпті. Олардың барлығы аталмыш конференцияға қатысып, баяндамаларын оқыды. «Туғанда дүние есігін өлеңмен ашып, өлеңмен жер қойнына кіретін», өлеңмен сөйлесіп, жырмен тартысатын қазақтан басқа әлем ұлттарына бұйырмаған айтыс өнерін олар тамсана тамашалап, қызыға зерттеп жүргеніне куә болдық.

– Еліміздегі айтыс өнерінің қыры мен сырын қандастарымызбен бөлісіп қайтқан боларсыздар?

– Шынын айтқанда, Қазақстандағы айтыстың жай-күйі қалай дегенде бетімізден басып, көзімізбен жер шұқып қайттық. Қазір елімізде ақындар айтысы мерекелік шоу ғана сияқтанып қалғанын мойындағанымыз жөн. Ең жоғары деңгейдегісі Тәуелсіздік күнінде, одан ары қарай үлкенді-кішілі той-томалақтарда өтіп жатады. Алайда, өнер ретінде зерттеп, дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жасалмай жатыр. Айтыс өнерін зерттеу орталықтары мен ғылыми институттардың бізде де жұмыс жасауына мән берілгені дұрыс еді. Айтыстың жанашырлары бірнеше адам ғана бар. Атап айтсақ, ақсақалымыз Мырзатай Жолдасбеков, айтыс үшін шыр-пыр болып жүретін Жүрсін Ерман, жанкүйер бірнеше меценаттарымыз ғана. Қазақ рухани мәдениетінің бары базарланып, жоғы түгенделетін жер осы Қазақстан ғой. Адамзатта қайталанбайтын ұлы өнерімізге аса зер салмай, салғырттық танытып отырғанымыз жүректі сыздатады. Ұлттың «иммунитет» көтерілмесе жаһандануға жұтылып кететініміз анық. Сол «иммунитетті» көтеретін нәрсе – рухани мәдениетімізді қорғап қалу және оны дамыту екені айтпаса да түсінікті. Соның ең биік шыңында айтыс өнері тұрған жоқ па?!

– Айтыс ақындарының білімі мен білігі жағынан Қытайдағы қандастарымыз бен өз ақындарымызды салыстырып көрсек?

– Білім, білігі, өнері жағынан біздің ақындар көш ілгері тұр. Оған Қытайдағы ақын қандастарымыз ренжімесін. Себебі, олардың жан-жақты білім деңгейінің төмен болуы – олардың қарапайым халықтың арасынан таңдалатындығында жатыр. Олардың барлығы дерлік тума талантымен ауылдан шыққан айтыскерлер. Біздің ақындар болса ақындық талантпен қоса барлығы жоғары білімді. Тіпті олардың ішінде доктор, профессор, ғылым кандидаттары да көптеп шығады. Солай бола тұра айтыс өнерін мамандық ретінде дамытып, өнер ретінде әспеттеуіміз жетіспейді.

– Айтысты ЮНЕСКО-ның қорғауына енгізу жұмысына бірнеше ел жармасып, дау туғызғаны есімізде. Алайда, қазір қазақ пен қырғыз бірігіп айтысты ЮНЕСКО дайындайтын Адамзат­тың материалдық емес мұрасының көрнекі тізіміне ортақ мәдени мұра ретінде енгіз­бекші болып жатыр емес пе?

– Ол былай болған. Қазақтың айтыс өнерін ЮНЕСКО-ның қорғауына ұсыну мәселесі бойынша Қытай Халық Республикасының ресми делегециясы екі жылдан бері елімізге бірнеше рет келді. Алғаш келген делегация мүшесі ШҰАР Үкімет басшысының орынбасары Тілепалды Әбдірашитұлы сол кездегі Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесіп Қазақ елімен бірлесіп ЮНЕСКО-ға ұсынуды талап еткен. Мұхтар Абрарұлы бұл мәселе бойынша сол кездегі Президенттік мәдениет орталығына тапсырма беріп, орталықтың директоры Мырзатай Жолдасбеков ҚХР-мен бірлесіп айтысты ЮНЕСКО-ның қорғауына ұсыну туралы арнайы топ құрып, ары қарай жұмыс жасала бастаған. Соның ықпалымен бізде жеделдетіп Заң қабылданып, Парламент былтырғы жылы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны қабылдап, оған Елбасы қол қойған. Сосын құжаттың ратификациядан өткені туралы акт 2011 жылдың 28 желтоқсанында ЮНЕСКО-ның Бас директорына табыс етілгенін, Конвенцияның 34-бабына сәйкес, ратификацияланғаны туралы акті табыс етілгеніне үш ай толғанда, яғни 2012 жылдың 28 наурызында құжат күшіне енгенін бәріміз білеміз.

Өткен жылғы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген Халықаралық ақындар айтысы кезіндегі Елбасының құттықтау хатында да Қытай Халық Республикасымен бірлесіп айтысты ЮНЕСКО-ның қорғауына ұсынылғалы жатқанын қуанышпен жеткізген. Бұл ақпарат айтысқа қатысуға келген қырғыз ағайындардың назарынан тыс қалмағанын айта кету керек. Сонымен айтыс өнерін өздерінде де жандандырып жүрген айыр қалпақты ағайындарымыздың да бұл іске ортақтасуына тура келді. Сол аралықта өзің айтқан «армияндар айтысты меншіктенбекші, біз Қытайлармен бірікпейміз, Қытайда айтыс болмаған» деген сияқты даудың да бұрқ етіп қайта басылғаны содан. Бұл жердегі жаңсақтыққа менің қосарым, Қытай айтысты қорғағысы келгені олар хан ұлтының емес, Қытайда тұратын қазақтардың атынан қорғауға атсалысқысы келген. Оның мәні ҚХР өз жерінде тұрып жатқан аз санды ұлттардың мәдениетін, өнерін, басқа да құндылықтарын қорғайтындығын көрсету арқылы халықаралық деңгейде саяси ұпай жинау ғана болып табылмақ. Соған қарамастан айтысты бір туған ағайындарымызбен бірлесіп қорғаудың қамы қатысты орындарда жасалып жатыр. Нәтижесі келер жылдың еншісінде.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Майгүл СҰЛТАН

 

BAQ.KZ

18 ноября 2013, 9:54
452

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21391
  • 60
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 14911
  • 15
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5221
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4879
  • 40
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4948
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3904
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 4085
  • 49
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 марта 2017 / 10:37
  • 3318
  • 59
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

У меня возник вопрос, почему некоторые парни, которым нет и 30 лет, выглядят, как авторитетные агашки? Они манерно решают важные дела по телефону, не забыв про гримасу важности. Они даже не...
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 3379
  • 89