Күрең күз

күрең күз, сағыныш, сүйітіңді еске түсіру, күзгі махаббат, өлең, поэзия, видео

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағыда, күрең күз келді,

Нөсерлеп, жаңбыр суымен.

Суыққа орап, бар жерді,

Неге әлек, жүрек күтумен?

 

Айлар өтті, сан жылдар,

Күтумен сені, сарғайдым.

Сонда да үміт, қол бұлғар,

Самғатып, арманға, әрдайым.

 

Күз келді тағы, сол жылдай,

Құстарға қарап, тұрмын мен.

Сәлемім жетсе, шіркін ай,

Оралшы маған, жаным сен.

Оцените пост

0

Комментарии

Дальше