Семей полициясы жол қиылысында әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу салды

mvdgovkz 2013 M11 3
174
0
0
0

  Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ. Зардап шегуші әйел ауыр...

 

Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ. Зардап шегуші әйел ауыр жарақаттарымен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлы-Шұғаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерде орын алды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.   

Полиция оқиға куәгерлерін, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды Семей қаласының жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары бойынша немесе 77-46-76 нөміріне іздеу бөліміне хабарласуды сұрайды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/EA5C3DC42C4C130DE044002655122E6A

Оцените пост

0
Дальше