Астанада әскерге шақырылған бозбалаларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

МО РК 2013 M10 29
370
0
0
0

Ер азамат елінің тыныш ұйқысы мен шынайы күлкісін сақтауды Отан алдындағы борышы санайды. Еліміздің Қарулы  күштерінің  қатары осындай жалынды жас жауынгерлермен толықпақ. Астанадағы «Отан...

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы:
Бүгін елордада жас жігіттерді әскер қатарына шақырып салу үшін жиналдық. Биыл әскер қатарына, Қорғаныс министрлігіне 1500 адам шақырылды. Барлығының білімдері жоғары, психологиялық тексеруден өткен. Арасындағы ең жақсылары бүгін сапта тұр.

Салтанатты шара «Отан  Ана»  ескерткішіне гүл себетін қойып, 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Іс-шараға әскерге дейінгі және әскер жасындағы 2000 астам бозбала қатысты. Жалпы, биыл әскерге еліміз бойынша 1500 азамат шақырылса, оның ішінде 380-і Астанадан.

Бақытжан Кабиев, жас сарбаз:
Мен Еуразия Ұлттық университетін бітірдім. Өзім – астаналықпын. Әскерге біріншіден, Отанымды қорғап, өзімнің жауынгерлік міндетімді атқару үшін бара жатырмын. Екіншіден, жоғары оқу орнын құқықтану мамандығы бойынша бітірдім. Ал, мамандығым бойынша жұмысқа орналасу үшін әскери билет қажет. Сол себепті де әскерге аттанып барамын.

Шұғыл әскери қызметін өтеуге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі «Астана жастары мен әскер - біртұтас» атты әскери – патриоттық  акциямен жалғасын тапты. Акция барысында әскери техника, атыс қару-жарақтары, әскери киім үлгілерінің  көрмесі өтті. Сонымен қатар, жас сарбаздар мен алаңға келушілер ҚР ҰҚК «Арыстан» арнайы жасағы, ҚР ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі, ҚР ҚМ «Қалқан» бірінші арнайы  мақсаттағы десанттық шабуылдаушы батальоны арнайы оқу-жаттығу әдістерін көрсетті.  Сондай-ақ, алаңға келушілер әскери ботқадан дәм татты.

ASTANA.KZ

Оцените пост

0