Елімізде жол-көлік оқиғаларының өсуіне автокөлік паркінің артуы да әсер етуде — ҚР ІІМ.

mvdgovkz 2013 M10 29
262
0
0
0

Жыл басынан бері 15 мың жол-көлік оқиғалары болды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 60 пайызға жуық деңгейге жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі...

Жыл басынан бері 15 мың жол-көлік оқиғалары болды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 60 пайызға жуық деңгейге жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты. Оның сөзіне қарағанда, осы ахуалдың бірқатар себептері бар. Мәселен, соңғы жылдары елімізде автокөлік паркі күрт артып отыр. 2007 жылы 2 миллионнан астам автокөлік болса, бүгінде көлік саны 4 млн.100 мыңға жетіп отыр.    Осы орайда комитет басшысы республикадағы жол инфрақұрылымы өткен ғасырдағы көлік ағымына есептелгенін, ал қазіргі кезде тиісті талаптарға сәйкес келмейтіндігін сөз етті. «Қалалардағы инфрақұрылымдар бойынша кемшін тұстар баршылық. Атап айтқанда жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері өте аз. Қалалардағы көшелердің ені бойынша мәселелер бар. Сонымен қатар республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарға қатысты жасайтын шешімдер керек. Бүгінде жолдар жөнделіп, жақсы жолдар салынуда. Алайда, тиісті инфрақұрылым мен қауіпсіздік жағдайлары қалыс келе жатыр. Сондықтан да бұл себеп-салдар жолдарда апаттылықтың артуына алып келеді»,-деді ол.
И. Лепеха жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері негізінен Астана мен Алматы қалаларында қамтылғанын, ал қалған облыс орталықтарында жоқтың қасы екенін сөз етті.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 11 қазанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жол-көлік оқиғалары салдарынан адамдардың мерт болуы көрсеткіштерінің өсуіне алаңдаушылық білдірген еді.
«Қараңыздар, өткен жылы жолдарда 2145 адам қаза тапты. Осы жылдың 9 айында 2273 адам мерт болды», - деді ҚР Президенті отырыс барысында. Ал жарақат алғандар - 22 мыңға жеткен.
Сонымен қатар Елбасы жол ережесін бұзушыларға қатысты заң талаптарын күшейту қажеттігін баса айта келе: «Рөлге мас күйінде отырған жүргізуші - қылмыскер. Оны бізде бар заңмен барынша қатаң жазалау керек немесе бұл заңдарды күшейту қажет», - деді.
Осы ретте ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қазіргі заңға сәйкес жаза қатаңдатылғандығын баса айтты.
«Қауіпсіздік кеңесімен біздерге тағы не істеу керектігін ойластыр. Бұл - барып тұрған тәртіпсіздік. Адамдардан айырылудамыз. Біз мында оларды емдеп, олардың санын әрі өмір сүру ұзақтығын арттырғымыз келеді. Ал жолда олар мерт болуда»,- деді Елбасы.

Оцените пост

0
Дальше