Қазақстан армиясында әскерлерді қорытынды тексеру басталды

МО РК 2013 M10 24
350
0
0
0

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды. Оның нәтижесі бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құрамалары мен бөлімдері анықталатын...

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2013 оқу жылы үшін әскерлерді қорытынды тексеру басталды. Оның нәтижесі бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құрамалары мен бөлімдері анықталатын болады.

Тексеруге Қазақстан әскері жеке құрамының 100 % қатысады. Басқару органдары өз бағынысты бөлімшелерінде әскери қызметшілердің барлық жауынгерлік және кәсіптік даярлық пәндері бойынша машықтану деңгейін тексереді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында офицерлер мен сержанттар атыс қаруынан оқ ату бойынша шеберліктерін көрсетті, БМП-дан және Т-72 танкісінен штаттық снарядпен жауынгерлік оқ атумен тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.

-    Қорытынды тексеру кезінде әрбір әскери қызметші жоғары нәтиже көрсетуі тиіс. Тексеру кезінде жеке құрам ұйымдасқан түрде үйлесімді қимылдап, тамаша дене, жұмылдыру және тактикалық даярлығын көрсетті, - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықов атап өтті.

ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің қорытынды тексерулері 2013 жылғы 2 қарашада аяқталады. Қорытынды тексерудің нәтижелері әскер түрлері мен тектері бойынша жүргізіліп, жауынгерлік сайыстың озаттары көтермеленетін болады. Ағымдағы жыл қорытындысы шығарылған соң Қазақстан армиясының келесі оқу кезеңіне міндеттері айқындалатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0