Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Семей гарнизонында

МО РК October 22, 2013
250
0
0
0

Шығыс өңірлік қолбасшылығының Үшарал, Аягөз, Өскемен гарнизондарында жұмыс істеген Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Семей қаласына келіп жетті. Мұнда...

Шығыс өңірлік қолбасшылығының Үшарал, Аягөз, Өскемен гарнизондарында жұмыс істеген Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Семей қаласына келіп жетті.

Мұнда ақпараттық-насихаттау тобы гарнизон әскери қызметшілерінің тұрмыс –тіршілігімен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты атты жолдауында айқындалған міндеттерді орындау барысымен танысты. Семей қаласының жергілікті атқарушы органдаымен байланыс жасап, жергілікті жерде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады.
Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов Семейдегі № 40 мектептің базасында орналасқан алғашқы әскери даярлық орталығында болып Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу мақсатында өткізіліп жатқан «Мен Патриотпын» атты әскерилендірілген кросстың ресми ашылу салтанатына қатысты. Семейлік оқушылар арасындағы жарысқа 31 мектептің оқушылары қатысып, әскери кросстан күш сынасты. Жарыс барысында оқушылардың алыс қашықтыққа жүгірудегі шыдамдылығы, пневматикалық мылтықтан атудағы мергендігі, граната лақтырудағы дәлдігі сынға түсті.
Оқушы жастар алдында сөз сөйлеген полковник Мұхамеджан Таласов:
- Елбасымыз Сіздермен, жастармен тәрбие жұмысын жүргізуге ерекше мән береді, азаматтарымыздың жүрегінде отансүйгіштік отын жағу біздің басты міндетіміз, - деп  атап өтті.
Бүгін ақпараттық-насихат тобының құрамындағы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің көркемдік тобы Семей гарнизондық офицерлер үйінде гарнионның әскери қызметшілері мен жергілікті жердің тұрғындар, ардагерлер мен жастар үшін концерт қойды.
Осы кездесуде Қарулы Күштеріміздің 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері мен алдымызға қойылған міндеттер сөз болды. Ардагерлер мен қала жұртшылығы Кешендік ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына ризашылықтарын білдірді.

strategy2050.kz

Оцените пост

0