Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
5
03:09, 21 октября 2013

«Астана Опера» театрына фото шолу

Blog post image

Айжан Байтанова

журналист

Бүгін «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтеді. Осыған орай «Екпін» театрға жасалған фото шолуды ұсынып отыр.

Театр ғимараты палладиандық, неоклассикалық сәулет стильдерінде салынған.

Blog post image

Астана қаласының Тұран көшесінде орналасқан театрды салуға бірнеше мемлекет қатысты. Германия сахна монтажын жасаса, Италия шеберлері акустикасын, құрылыс материалдары мен қабырғадағы көлемді (3D) көркемсурет, Болгария мен отандық мамандар фасадтар үшін жауап берген болатын. Швейцариялық сәулетшілер, құрылысшылармен жұмыс жасады. Жобаның бас мердігері швейцариялық Mabetex болды.

Ғимаратта барлық спектакльдер мен концерттерді жазып алуға мүмкіндік туғызатын студиялық жабдықтау орналасқан, теардың жеке спутник стансасы бар.

Blog post image

Едендегі паркет, қабырғалардағы шие ағашынан жасалған панельдер, креслолар мен айналардың барлығы акустикалық тұрғыдан есептеліп орналасқан. Дыбыс толқынын жұтатын немесе шағылыстыратын барлық беттер дыбысты қабылдауға жақсы мүмкіндік береді. Креслолардың еңкею және бұрылу бұрыштары миландық "Ла Скала" театрының үлгісімен жасалған.

Blog post image

Театрдың үлкен мақтаныштарының бірі - зор сахна кеңістігі. Негізгі сахна, арьерсахна және қапталындағы екі қалта көмегімен үзіліссіз спектакльдер циклімен жұмыс жасай алады. Бұл сахна кеңістігінде бірден үш акт қоюға мүмкіндік туғызады.

Сахна механизмін (13 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан) неміс мамандары дайындаған, барлық қозғалыстары сандық технологиямен басқарылады.

Көрермен залы 1250 орынға шақталған, оркестр орына 120 оркестрант жайғаса алады.

Театр фойесінде екі үлкен сатының жанында Бурабай мен Шарын каньонының суреттері салынған.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Камералық залдың кіреберісі

Blog post image

Театрда әр қабатқа, тіпті галереяға дейін көтерілетін лифтіден бастап, арнайы дәретханаларға дейін мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық жағдай жасалған.

Blog post image

250 адамға шақталған зал камералық музыка концерттерін өткізуге арналған және ауқымды акустикалық мүмкіндіктерге ие. Залдың төбесіндегі бірегей суретті интерьермен жұмыс жасаған итальяндық суретшілер тобы салды.

Blog post image

Камералық залдың төбесіндегі сурет

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Театрда 26 репетиция залы бар. Олардың акустикасымен итальяндық мамандар жұмыс жасап, репетиториядағы дыбысталу ерекше таза деңгейге жеткен. Арнайы ағаштан жасалған қабырғалар, тіпті ондағы дыбыс өткізетін саңылаулардың өзі дыбысты бірқалыпты әрі толық естуге мүмкіндік береді.

Blog post image

Театрда алпыстан астам грим бөлмелері бар, олардың 8 - VIP. Грим бөлмесінде музыкалық аспап бар, арнайы акустикалық жүйе қолданылған, қажетінше дайындала беруге болады.

Blog post image

Салтанат Мұратбекова, меццо-сопрано:

- Дайындыққа барлық бос уақыт кетеді, ал концертмейстермен (Салтанат опера концертмейстері Жанар Ахметовамен жұмыс жасайды) күніне бір сағат дайындаламыз. Біз үшін ең бастысы, денсаулыққа мұқият болу керек. Театр әртісі үнемі ізденіс үстінде болады, тәжірибе жинақтайды, курстарға барады, жаңа нәрселерге үйренуге тырысып жүреді. Шет тіліндегі қойылымды барынша беріліп орындау үшін тілді түсіну қажет. Тілді білмесең, сезімің оянбайды.

Салтанат Италияда тәжірибе жинақтап, Россини атындағы опера фестивалінде жеңіске жетіп, Россини операсындағы бас партияны орындауға мүмкіндік алды.

Blog post image

Солистер мен оркестрдің дайындығы

Blog post image

Сәбит Дайыров, контрабас:

- 1974 жылдан бастап музыкамен айналысамын. Вердидің басқа да шығармаларын көп орындадым. Мысалы, "Отеллода" контрабастың солосы бар, барлық зал тым-тырыс, жалғыз өзің ойнайсың. Осындай сәттерде аса жоғары жауапкершілікті сезінесің. Ал "Аттила" операсындағы партиям мен үшін күрделі емес. Солистер дайындығы бөлек жүреді, біз бөлек дайындаламыз, содан кейін бірге дайындығымыз бар. Пицци секілді әлемдік деңгейдегі мамандармен жұмыс жасау кезінде музыкант ретінде көп нәрсе алуға болады.

Blog post image

Blog post image

Айсұлу Байкенова, концертмейстер, скрипка:

- Мектептен бері скрипкада ойнаймын, ал кәсіби тәжірибеме жиырма жыл. "Аттила" спектаклін алғашқы рет ойнағалы жатырмын, бірінші танысуым, алған әсерім керемет. Әлемдік деңгейдегі мамандармен жұмыс жасағанымыз өте құнды тәжірибе. Театрымызда дайындық үшін барлық жағдай жасалған, оркестрмен ғана емес, шағын топтармен немесе жеке дайындалуға да болады.

Blog post image

Айдар Абжаханов, дирижер:

- 1993 жылдан бастап музыкамен, дирижерлікпен айналысамын. Театр ортасында 1997 жылданмын. Түске дейін, таңертең дайындаламыз, қандай опера болмасын, барлығы жеке адамға ғана байланысты, өте индивидуалды. Кейде концерттен кейін де дайындалатын жағдайлар болады, оркестр дайындығында арнайы кесте жоқ, мүмкіндігінше өз шеберлігімізді шыңдай беруге тырысамыз.

Айдар "Аттила" премьерасынан кейін тамшалауға болатын "Ромео мен Джульетта" спектаклінің қоюшысы.

- "Ромео мен Джульеттаны" Бордо операсының бас хореографы, балет көркем жетекшісі Шарль Жюдпен бірге дайындап жатырмыз, ол қоюшы болса, мен дирижермін. Жюд мырза жоғары деңгейдегі маман, - дейді өзі.

- Жақсы деңгейдегі театр жасау оңай емес, бұл тек ғимаратын салумен ғана шектелмейді. Әлемдік театрлар бұл үшін жүз, екі жүз жылдай уақыт жұмсаған, біздің уақытымыз әлдеқайда қысқа. Барлығы оңай емес, бірақ аса күрделі ештеңе жоқ. Ең бастысы - адами фактор, ұжымдағы қарым-қатынастың жақсы болуы, - деп бөліседі Айдар Кенжетайұлы.

Blog post image

Blog post image

"Ромео мен Джульеттаға" балет труппасының дайындығы

«Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесеріне орай төрт кеш өтеді.

Басты кеш - 2013 жылдың 21 қазаны - Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесері. Қоюшы режиссері, сценографы, костюм жөніндегі суретшісі - әлемге белгілі итальяндық шебер, Францияның Құрметті Легионы Орденінің иегері Пьер Луиджи Пицци. Музыкалық жетекшісі және дирижері – Валерий Гергиев (Мариин театры, Санкт-Петербор).

22 қазанда классикалық музыка жұлдыздарының гала-концерті болса, 24-і күні «Астана Опера» театрының жұлдыздары өнер көрсетеді.

5
6748
7