Байланыс саласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтадық

Ваш Казахтелеком October 11, 2013
695
0
0
0

Игі істерге рұқсаттың керегі жоқ! 10 қазанда біз Алматыда байланыс ардагерлері үшін Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік дастархан жайдық. Біздің компанияда осындай мерекелік шаралар...

Игі істерге рұқсаттың керегі жоқ! 10 қазанда біз Алматыда байланыс ардагерлері үшін Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік дастархан жайдық.

Біздің компанияда осындай мерекелік шаралар ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Қарттарға қолдау көрсету мақсатында біз жылына екі рет қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз.  Биыл да біздің қызметкерлеріміз ардагерлер үшін мерекелік  дастархан дайындады.

Байланыс саласының ардагерлері үшін мерекелік концерт және сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.  Оған қоса,  компанияның жетістіктері туралы фильм көрсетілді және  компания басшылығының құттықтауымен қоса материалдық сыйлықтар  табыс етілді.

 

«Біз бүгін «Қазақтелеком» алғашқы құрылған жылдары еңбек еткен адамдарға құрмет көрсетіп отырмыз. Байланыс саласының тоғыз мыңнан астам ардагері компанияның қамқорында және біз олардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлеміз»,-деді «Қазақтелеком» АҚ Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Даляпраз Бөкетова.

 

- «Қазақтелеком» компаниясында тәлімгерлік жүйе жұмыс істейді және қариялардың өз тәжірибелерімен жастармен бөлісуі өте маңызды мәселе болып табылады. Осындай кездесулер оларға адал еңбектері үшін тағы да бір рет алғыс айтуға, сондай-ақ оларға денсаулық пен ұзақ өмір тілеуге жақсы себеп болып табылады», – деп атап өтті мерекелік іс-шара барысында Д.Бөкетова.

Қазіргі таңда 9 112 зейнеткер «Қазақтелекомның» қамқорында, олардың 697-сі – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілгендер.

 

Оцените пост

0