Жағажай волейболынан «Гранд Слам» әлемдік турында Қазақстан құрамасы негізгі кезеңді бастады

Kazsport agent 2013 M10 9
155
0
0
0

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жағажай волейболынан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтуде. Бүгін жарыстың негізгі кезеңінің сайыстары басталды. Бұл сында Алексей Сидоренко мен...

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жағажай волейболынан «Гран Слам» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтуде. Бүгін жарыстың негізгі кезеңінің сайыстары басталды.

Бұл сында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Польша спортшыларымен кездессе, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова АҚШ және Бразилия спортшыларымен 2 ойын өткізуде. Ал кеше дәрежелік 1-кезеңде украиндықтарға 0:2 есебімен ұтылып, 41-орынға табан тіреген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов рейтингтік қоржынына түскен 80 ұпайды қанағат тұтты. Олар биылғы маусымда жалпы 10 жарысқа қатысып, 8 рет 41-інші, 1 рет 25-інші, 1 рет 17-ініш орын алып, рейтингтік қоржындарына 1050 ұпай сала алды.

Ертең енді ел құрамасының үздіктері саналатын Т.Машкова мен И. Цимбалова нидерландылықтармен, А. Сидоренко мен А.Дьяченко Пуэрто-Рико және Латвия елінің шеберлерімен күш сынасатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0
Дальше