«Шахтер» және «Ордабасы» жаттықтырушылары бірі-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады

Kazsport agent 2013 M10 9
147
0
0
0

«Шахтер» және «Ордабасы» футбол клубтарының бас жаттықтырушылары Виктор Кумыков және Виктор Пасулько Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайты арқылы ҚР чемпионатының XXIX турындағы ойын...


Виктор Кумыков және Виктор Пасулько

«Шахтер» және «Ордабасы» футбол клубтарының бас жаттықтырушылары Виктор Кумыков және Виктор Пасулько Қазақстан футбол қауымдастығының ресми сайты арқылы ҚР чемпионатының XXIX турындағы ойын аяқталғаннан кейін болған оқиға үшін бір-бірінен бұқара алдында кешірім сұрады.

Атап айтқанда, В.Пасулько жарыстан кейін өткен мәжілісте «Шахтёр» командасына қатысты айтқан сөздері үшін, ал В.Кумыков аттасының айтқан сөздерінен кейін ұстамсыздық танытқаны үшін кешірім сұрады. Бапкерлердің татуласуына байланысты В. Пасулько В. Кумыковты жазалау туралы жазған арызын қайтарып алды.

«Шахтер» және «Ордабасы» командаларының жетекшілері арасында Қарағандыда өткен Қазақстан премьер-лигасының 29-шы турының жарыстары аяқталғаннан кейін жанжал туған. Жарыс 3:0 есебімен қарағандылықтардың жеңісімен аяқталды. Жарыстан кейін өткен баспасөз мәжілісінің соңында В. Пасулько өзін В.Кумыков оның командасы стадионнан шығып бара жатқан кезде ұрып жіберді деп мәлімдеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0