Тікелей эфир

Қазақ зиялылары және Вельтман

 

Мейрамхан Жәпек

журналист, Тұрар Рысқұлов

публицистикасын зерттеуші

I бөлім, II бөлім

III бөлім

Ғылым мен білімнің алтын қазығы - кітапхана

Сонау 1826 жылдары орыс мәдениетіне қамқорлық жасап қаржылай көмек көрсеткен орыс графы Николай Румянцев қайтыс болғанда соңынан мол мұра қалады. Ағасының қазасына қабырғасы қайысқан Сергей Румянцев император І Николайға шексіз мол мұраны ұстап тұру үшін оның музейын үкіметтің қарамағына сыйға тартатынын айтып хат жазады. Патша оған иіліп, ниетіне елдің атынан ризашылығын білдіріп жауап жазады. Сөйтіп әуелде ағылшын көпесі Фома Варадан сатып алынған Румянцев музейумы 1862 жылы 1862 жылы Санкт-Петербургтен Мәскеуге көшіріледі де көпшілік кітапханасы ретінде қызметін жалғастырады.

1924 жылы В.И.Ленин қайтыс болғанда оның есімі берілген кітапхананы осы күні көпшілік жұрт қазіргі атауымен «Ресей Мемлекеттік кітапханасы» емес, бұрынғыша Ленин кітапханасы дейді. Мәскеу метросының алғашқы станциясы да 1935 жылдың 15 мамырынан «В.И.Ленин атындағы кітапхана» деп аталады. Метроның қызыл, көк, сия, сұр жолынының түйісетін тұсы да осы кітапхана.

Мұнда әлемнің 367 тілінде шықан құжаттардың жиынтығы бар. Қазіргі кітап қоры 43 миллион бірліктен астам. Кітапхана қабырғасында арнайы карталар, ноталар, сирек кітаптар мен қолжазбалар, газет-журнал, диссертациялар және т.б. басылым түрлері жинақталған.

Кітапханаға бір күнде 200ге таяу адам тіркеліп, 4 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіледі, ал виртуалды кітапхана күн сайын 8 мыңнан астам оқырманды кітаппен қамтамасыз етеді. Айтпақшы, Қазақстан таяуда осы виртуалды кітапхана желісіне тартылды. Кітапхана қорларын 140 жылдан астам уақыттан бері әртүрлі адамдар пайдалануда. Олардың қатарында әлемге аты мәшһүр ғалымдар, оқымыстылар, студенттер, шет ел азаматтары бар. Айтпақшы, мұндағы екі мыңнан астам қызметкердің 25-і ғылым докторы, 314-і ғылым кандидаттары екен. Бюджеттен қаржыландырылу көлемі 1,45 млрд рубльді құрайтынын білгенде бас шайқадым.

Мен кітапханаға мұрағаттар жұмыс істемеген сенбі күндері келіп жүрдім. Моховая көшесіндегі бесінші үйде орналасқан ғимараттың бірнеше бөліктері бар. Солардың бірі ұлт тіліндегі әдебиеттердің жинақталған орталығы Моховая көшесіндагі алтыншы үйде орналасқан. Мұндағы оқу залында қазақ тіліндегі оқулықтар бар екендігін көпшілік біле бермейді.

Қазақстандық кітапханалар мен мұрағаттарда толық жиынтығы кездесе бермейтін басылымның бірі «Новый Восток» журналы. Журналдың бас редакторы ірі ғалым, түркітанушы М.Павлович (Вельтман) туралы қазақтың зиялылары сол замандарда-ақ, көптеген жағымды пікір айтқан. Журнал бетінде жарық көрген мақалалардан бөлек, мұрағат құжаттарында Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, Ж.Досмұхамедовтың, Н.Төреқұловтың және т.б. М.Павловичке жолдаған хаттары сақталған. Тіпті, М.Павлович қайтыс болғанда оның табытының бас жағын Н.Төреқұлов көтерген. (Оның суреті сақталған.М.Ж.).

Неліктен Павлович шығыс халықтарына, оның ішінде қазақтарға жақын болды? деген сауалға келер болсақ. Аса білімді азамат саналы ғұмырында патша тұсында көп қыспақ көреді. Жапон аралдары, Қытай, Франция сияқты елдерде жан сауғалайды. Шығыс Түркістанда қазақтар арасында тұрып, олардың керемет бай мәдениеті, салт дәстүрімен қоса ауыр тұрмысын да көзбен көреді. Қазақтардың туғаннан ғылым-білімге зеректігі оны таң қалдырса керек. «Шығыс халықтарының мәдениетін Европаны жайлап жатқан елдердің мәдениетіне айырбастамас едім. Мәдениеттің ошағы - шығыс» деген сөздер құрдасы В.Ленинге тіпті ұнамайды.

Негізінен, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен 1921 жылы 13 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестер Одағының Шығыстану Ғылыми Ассоциациясы өз жұмысын бастайды. «Новый Восток» журналы осы ғылыми ассоциацияның органы ретінде 1922 жылдан бастап шығады. Журнал шығыс халықтары туралы танымдық материалдарды жариялаған. Журналдың бір саны 384- 735 беттен тұрған. Шығысқа сапар шеккен қаншама этнограф, тарихшы, музыка зерттеушісі басылым беттерінде тек қана таңданыспен зор ілтипатпен естеліктер жазған. Бұл журналдан Т.Рысқұловтың көптеген мақалаларын кездестірдім.

Тегінде Т.Рысқұлов М.Павловичпен 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтарының бірінші сьезінде танысса керек. Коминтерн ұйымдастырған бұл бірінші сьезд қорытындысы ретінде «Шығыстағы насихат және іс-қимыл Кеңесі» құрылады. Тұрар да М.Павлович те осы Кеңестің құрамына енеді. Кейінірек Тұрар М.Павловичпен Мәскеуге қызмет ауыстырып келгенде де қарым-қатынасын үзбеген. Тұрар М.Павлович қайтыс болғанда «М.Павлович және шығыс халықтары» деген мақала жариялайды. Бұл әуелде қазанама ретінде басылым бетінде жарық көреді.

Негізінен, біздер қазіргі таңда Тұрар Рысқұловты тек қана мемлекет қайраткері, тарихшы, публицист деп қана емес, оның түркітану саласына қосқан еңбектерін де назардан тыс қалдырмау керек сияқтымыз. «Новый восток» журналында жарық көрген мақалалары соның айқын дәлелі...

Айтпақшы, виртуалды кітапхана қорынан ендігі жерде қазақ оқырмандары Т.Рысқұловтың 1926 жылы Қызылордада шыққан кітабын Мәскеуге арнайы сапар шекпей-ақ, оқи алатын болыпты. Жасасын жаңа технологиялар заманы!

Жалғасы бар

Қарағанды - Мәскеу
2010 жыл

Алия Arsik
27 қыркүйек 2013, 15:18
2928

Loading...

Пікірлер

Павловичтің Н.Төреқұлов, Н.Нұрмақовпен жазысқан хаттарын зерттеп,зерделеу керек.
Тарихтың қатпарында қалып қойған дүниелерді қайта көтеріп, жариялап жатқандарыңыз үшін Алла разы болсын!!!
Ресейдің мұрағаттарында қаншама құжаттарымыз жатыр!!! Қашан жинап алып, ғылыми айналымға айналдырар екенбіз...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28697
  • 21
Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 29999
  • 193
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 14967
  • 2
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15963
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 11765
  • 1
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11550
  • 58
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8056
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7364
  • 87
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3463
  • 21