Күз келгенде, аққайың келеді еске

Нурлан Ибрагимов 2013 M09 21
777
0
0
0

  Ақ қайыңды, кейбіреу терек деген Көлеңкесіз, ол кімге керек деген, Не көлеңке, не жеміс бере алмаса Неліктен ынтығады, жүрек деген. Ақ қайың махаббаттың белгісі ме Ақ қайың сұлулықтың үлгісі...

 

Ақ қайыңды, кейбіреу терек деген

Көлеңкесіз, ол кімге керек деген,

Не көлеңке, не жеміс бере алмаса

Неліктен ынтығады, жүрек деген.

Ақ қайың махаббаттың белгісі ме

Ақ қайың сұлулықтың үлгісі ме

Жалғыз жан, қалсадағы сүйсінетін

Айналмас тоғышардың күлкісіне.

Ақ қайың, сұлулықпен жарасады

Мәңгілік белгісіне жанасады

Пәктікпен бозбалалық белгісіндей

Көңілде, көктемменен таласады.

Күз келсе, жаз, көктемді сағынамыз

Табиғат тірлігіне бағынамыз

Көңілдің күзі келіп, күйбеңменен

Тәңірдің құдретіне табынамыз.

Маххабат ақ қайыңды армандаған

Жүрегің жыламаса, ән болмаған

Адам боп келгеннен соң бұл өмірге

Сұлулық іздейді екен бұл жалғаннан.

22.09.2013

Жалғыз қайың

Жиделі орман, қараағашпен қаптаған

Дуылдасып, ауыздарын жаппаған

Өсіп, өніп мәуелеген мерейлі

Бірін-бірі, қолдап-қорғап жебейді.

Қараағаштар, бітік өскен жидемен

Ескілердің қатары да сиреген

Қаптап өскен жабырқатпай жастары

Құстар шулап, бітпейді бір дастаны.

Әріректе жабырқайды ақ қайың

Күн менен жел кеп сұрайды жағдайын

Жалғыз қалған айдалада ағаш,- деп,

Талай жандар қағады екен таңдайын.

Талай жандар шатастырар терекпен

Жақындасаң, сыр шертеді жүректен

Жалғызсырап жабырқайды бүгінде

Ада болып, күн кешуде, жүдеткен.

Қайың еді, сыр шертетін бұлақпен

Мың бұралып, би билеген, құрақпен

Тек қасына өзге қайың өнбеген

Жалғыздықтан, жаны жалғыз шөлдеген.

Қараағаш пен менсінбеген жидені

Өзі білген ағаштар да сиреді

Жел соққанда анда-санда орманнан

Өсек сөздер, жан жарасын түйреді.

Жас кезінде көркем еді, әдемі

Иісі жұпар, махаббаттың әуені

Жас бұтағы, телі желмен билесе

Болған еді талай-талай, дәмелі.

Өтті өмір, қурап қалған бұтағы

Жапырағы, ол құрғыр да жұтады

Белі кетіп, қираңдаған далада

Ағаш емес, елестеткен бұтаны.

Жалғыз қайың әдемі едің, әуен ең

Хош иісіңді іздеуші едік, дәмемен.

Тәккәпар ең, менмен едің: мен,- деген

Талай жандар, көзін салып, шөлдеген.

Өтті ғұмыр, жастық деген, жолақтай

Сен де өттің, ешбір жанды жаратпай

Махаббаттан, сусын алмай, ләззаттан

Сусындадың, сыңғырлаған бұлақтан.

Жалғыз қайың

Қалай сенің жағдайың,

Жалғыз қайың

Сені қайдан табайын.

Жалғыз қайың

Елес пе едің, арманым

Жалғыз қайың

Талай түнді, дала кезген, бір өзіңе арнадым.

22.09.2013

Оцените пост

0
Дальше