Әскери қызметшілер аталар ерлігін үлгі тұтады

МО РК 2013 M09 20
232
0
0
0

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әкімшілігімен бірлесіп Курск түбіндегі шайқасқа 70 жыл толуына арналған салтанатты...

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әкімшілігімен бірлесіп Курск түбіндегі шайқасқа 70 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға Курск түбіндегі шайқасқа қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бекмади Ахат Бексадияұлы және Токабаев Каматай Темірбекұлы, әскери қызметшілер және әскери дайындық кафедрасының бір топ студенттері қатысты.

Ардагерлердің құрметіне арналған жиын алдымен сап түзеген әскери сарбаздардың  72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік Туын сахнаға әкелуімен басталды.

Салтанатты кездесу Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бақтияр Пернебековтің Курск түбіндегі тарихи жеңістің тағылымы туралы сөзімен ашылды.

- Ұлы Отан соғысының барысында неміс-фашист басқыншыларын жеңу жолында үлкен роль атқарған ірі шайқас ардагерлерінің ерлігі бүгінгі Отан қорғаушылар үшін тағылымы мол үлгі-өнеге. Осындай кездесулердің әскери қызметшілерге, жастарға патриоттық тәрбие беруде алар орны орасан зор, - деп Бақтияр Пернебеков атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0