Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді

Kazsport agent 2013 M09 16
204
0
0
0

Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны өтті. Оған Астана, Алматы, Ақтау, Талдықорған және Шымкент қалаларынан 12 команда қатысты. Бұл...


Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны өтті.

Оған Астана, Алматы, Ақтау, Талдықорған және Шымкент қалаларынан 12 команда қатысты. Бұл жарыста әйелдер арасында Талдықорғанның «Жетісу» (Татьяна Машкова/ Ирина Цимбалова), ерлер арасында Алматының «Ұшқын-Искра-1» (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко) жеңімпаз атанды. 2-3 орынды әйелдер арасында Ақтаудың «Каспий-1»(Бақтыгүл Самалықова/Александра Варасова),  «Каспий-3» (Анастасия Туктарева/Екатерина Ласюта), ерлер арасында Алматының  «ШВСМ-ҚазНУ-1» (Владислав Пустынников/Сергей Богату) мен Ақтаудың «Каспий-1» (Алексей Кулешов/Александр Бабичев) командалары иеленді.

Бұған дейін 24 мамырда Ақтауда өз жалауын көтерген ел чемпионатында әйелдер арасында — 9, ерлер арасында — 15 команда бақ сынаған еді. Онда Ақтаудың  «Каспий-1»(Александра Варасова/Анастасия Туктарева) мен Алматының «Ұшқын-1» (Сергей Шиндов/Алексей Сидоренко) спортшылары жеңімпаз атанды. 14-16 маусымда Алматыда өткен 2-турда «Каспий-1» (Александра Варасова/Анастасия Туктарева) 15 команданың арасынан үздік шықты. Ал алматылық «КазНУ-Динамо-1» (Владислав Пустынников/Сергей Богату) 22 команданың арасынан топ жарған еді. 26-28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындаығы Бұқтырмада болған 3-турда «Каспий-1» (Бақтыгүл Самалықова/Любовь Богату) 14 командың арасынан, «ШВСМ КазНУ-2» (Кирилл Гурин/Виктор Пестов) 21 команданың арасынан қара үзіп шыққан болатын.

АЛМАТЫ.   ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0
Дальше