Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы Еуразия спорттық ойындары басталды

Kazsport agent 2013 M09 16
228
0
0
0

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi. ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары...


Iлсияр Қанағатов

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi.

ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды.

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден — 288, Қырғызстаннан — 175, Беларуссиядан — 100, Тәжiкстаннан — 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i — спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi.

Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.

   

АСТАНА.   ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0
Дальше