Жедел мәліметі

Өткен апта ішінде 2013 жылғы 26 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша: - 83 әкімшілік іс қозғалды; - 6 257 985 теңге...

Өткен апта ішінде 2013 жылғы 26 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша:

- 83 әкімшілік іс қозғалды;

- 6 257 985 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды;

- 5 қылмыстық іс қозғалды.

2013 жылғы 27 тамызда Алматы қаласының. халықаралық әуежайында Түркия Республикасына бара жатқан Қазақстан Республикасы азаматшасының жүгіне кедендік тексеріп қарауды жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша КБД қызметкерлері декларацияланбаған 25 508 АҚШ доллары сомасында шетел валютасын заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Экономикалық контрабанданың фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

 

Оцените пост

0
Дальше