«Денсаулық фестивалі — 2013» акциясы аясында жүгіруге 4 мыңға жуық астаналық қатысты

Kazsport agent 2013 M09 9
301
0
1
0

Астананың «Жерұйық» саябағында «Денсаулығым керемет — жаттығуға көп рахмет» ұранымен «Денсаулық фестивалі — 2013» дәстүрлі кең ауқымды акциясы болып өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты...


Денсаулық фестивалі - 2013 қатысушылар
Астананың «Жерұйық» саябағында «Денсаулығым керемет — жаттығуға көп рахмет» ұранымен «Денсаулық фестивалі — 2013» дәстүрлі кең ауқымды акциясы болып өтті.

Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шара М.Жұмабаев және Қ.Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанынан акция өткізілетін жерге («Жерұйық» паркі) дейінгі жүгіруден басталды. Оған 4 мыңға жуық адам қатысты. Іс-шара аясында  парк аумағында қалалық емханалар «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырып, қант диабетіне экспресс-тесттер өткізіп, адамдардың қан қысымын өлшеп, кеңестер берді.

Медицина қызметкерлерінің арасында спорт жарыстары, салауатты өмір салтын сақтау ережелеріне қатысты шағын тренингтер өткізілді.

Бұдан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары күрес, таэквандо, каратэ, ұлттық күрес және т.б. спорт ұжымдарының көрнекті өнерлерін тамашалады. Марат Омаров, Бақыт Шадаева, Еркеш Хасен және басқа да әртістердің қатысуымен концерт өтті. Ал «World class» клубының жаттықтырушылары ырғақты әуеннің сүйемелдеуімен адамдарға 20 минут бойы жаттығу жасатты. Мұнымен қоса, 200 адамның қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылды. Іс-шара соңында жаппай жүгірудің жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

 
АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 

Оцените пост

1
Дальше