Қаржы полициясы агенттігінде Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтеді

2013 жылы 10 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) ғимаратында Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорл

2013 жылы 10 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) ғимаратында Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы болады.
Отырыста үш мәселе қарастырылады: «Кірістер мен шығыстарды декларациялау. Заңсыз (негізсіз) баю үшін жауаптылықты енгізу», «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды жымқырумен күресу».
Кіріспе сөзбен Қоғамдық кеңестің төрағасы «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов ашады.

Қөғамдық кеңесте «Сандж» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының басшысы Ж.С.Джандосова, Агенттіктің Экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу департаментінің басшысы Ж.Қ. Элиманов және Агенттіктің Сыбайлас жемқорлықты ашу және алдына алу департаментінің басшысы М.И.Сексембаев баяндама жасайды.
Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына қатысуға ниет білдірген журналистерге 90-92-80, 90-92-89 телефондары арқылы 9 қыркүйектің сағат 17.00-не дейін аккредитациялаудан өту қажет.

Оцените пост

0