Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Kazsport agent 2013 M09 5
201
0
0
0

Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz. Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап...

стивенс головкин

Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек. Геннадий атағы бойынша WBA сериясын 9-рет, IBO 6-рет қорғайын деп отыр. Өз сөзінде Генадий Кертис Стивенсті танымайтынын айтқан.

Кертис Стивенс 28 жекпе-жек өткізген. Оның 25-ін жеңіп, қарсыластарын 18 нокаутпен ұтқан, ал 3 рет жеңілген.

Геннадий 27 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сін жеңіп, қарсыластарын 24 нокаутпен ұтқан, ешкімге жеңілмеген.

Жекпе-жек 2 қараша күні АҚШ-тың Мэдисон Сквер Гарден аренасында, Нью-Йорк қаласында өтпек. Осы кездесуге орай, екі спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0