«Шахтердің» Еуропа Лигасына қатысатын тізіміне 25 футболшы енді

Kazsport agent 2013 M09 5
94
0
0
0

Футболдан Еуропа Лигасына қатысатын қарағандылық «Шахтердің» тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейлік маман Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың тізіміне 25 футболшы...

қарағандылық «Шахтер

Футболдан Еуропа Лигасына қатысатын қарағандылық «Шахтердің» тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік маман Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың тізіміне 25 футболшы енген.

Қақпашылар: Стас Покатилов, Валерий Фомичев, Сергей Ткачук және Александр Мокин;

Қорғаушылар: Никола Васильевич, Асхат Борантаев, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Михаил Габышев, Сергей Малый, Бақыт Әбуов және Александар Симчевич;

Жартылай қорғаушылар: Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Аслан Дарабаев, Геворг Казарян және Рохер Каньяс;

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко, Роман Муртазаев, Станислав Лунин, Игорь Зенькович және Сергей Хижниченко.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын «Шахтер» қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түнде Грекияда жергілікті ПАОКқа қарсы өткізеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 01:05-те. Бұл матчқа көрермендер қатыса алмайды. Ал 3 қазан күні қарағандылықтар елордадағы «Астана-Арена» стадионында өз алаңында алғашқы ойын өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0