Ұлттық қорғаныс университетіндегі Білім күні

МО РК 2013 M09 3
232
0
0
0

Еліміздегі әскери білім ордаларында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының...

Еліміздегі әскери білім ордаларында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери білімнің қара шаңырағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Бас штаб бастығы тыңдаушылар алдында «Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны» тақырыбында дәріс оқыды.

Генерал-полковник С. Жасұзақов өз дәрісінде Қарулы Күштерді қолданудың негізгі бағыттары, ҚР ҚК дамуының негізгі бағыттары және жауынгерлік тапсырмаларды шешудегі командирлердің дербес шешім қабылдауы сияқты мәселелерге тоқталып өтті.

– Әскери мамандар – армияның болашағы, – деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының бастығы. – Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қойып отырған талабы бойынша әскеріміз саны жағынан аз, ұтқыр, жоғары кәсіи, қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техникамен жарақтануы керек. Қазір Қорғаныс министрлігінде кәсіби армияға көшудің тұжырымдамасы жасалды. Біз 2014 жылдан бастап Қарулы Күштерді негізі офицерлік және сержанттық құрамнан тұратын кәсіби армияға толықтай көшіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің басшылығы офицерлердің жан-жақты интелектуальды білім алуы үшін ғылыми және білім базасын құрып, дамытуға барынша мән беріп отыр.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0