Шайбалы хоккей: «Барыстың» хоккейшілері «Тракторды» жеңді

Kazsport agent 2013 M08 27
201
0
0
0

Бүгін Ресейдің Магнитогорск қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Иван Ромазан атындағы мемориалдың 22-ші турнирі аясында Астананың «Барыс» командасы «Тракторды» (Челябі) жеңді. Ойынның қорытынды...

Бүгін Ресейдің Магнитогорск қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Иван Ромазан атындағы мемориалдың 22-ші турнирі аясында Астананың «Барыс» командасы «Тракторды» (Челябі) жеңді.

Ойынның қорытынды есебі — 3:2. Бұл жолы Евгений Блохин дубль жасап, екі бірдей шайбаның авторы атанса, Найджел Доус қарсыластардың қақпашысын бір рет қапы қалдырды. «Трактор» болса, екі шайбаны қайтара білді.

Айта кетейік, кеше «Барыс» жергілікті «Металлург» командасынан 0:4 есебімен ұтылған болатын. Енді, «Трактордан» кейін астаналық клуб «Юграмен» кездеседі. Ол ойын ертең, тамыздың 28-і күні өтеді. «Барыс» әлі де екінші орынға таласа алады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0