2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінімді алғашқы болып Алматы берді

Kazsport agent 2013 M08 19
328
0
0
0

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім қабылдау биылғы жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды Vesti.kz. 16 тамызда Алматыдан Лозаннадағы Халықаралық олимпиада комитетінің...

Алматы қаласы

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім қабылдау биылғы жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

16 тамызда Алматыдан Лозаннадағы Халықаралық олимпиада комитетінің штаб-пәтеріне 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім жіберілді. Байқауға қатысудың аталған кезеңінде үміткер ұйымдастыру комитетіне өз қаласының әлеуеті туралы ақпарат беріп, арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Ең алғаш өтінім берген Алматы болды. Қысқы олимпиаданы өз қаласында өткізуге сондай-ақ Квебек, Львов, Тулуза, Харбин, Мюнхен, Барселона, Краков және Осло ниет білдірді. Алматы қаласы спорт әлеміндегі басты оқиғаны өткізу құқығына осымен үшінші рет таласатын болады. Алғаш рет 80-жылдары 1994 жылғы Олимпиаданы өткізуге өз кандидатурасын ұсынған. Алайда ол жылы бағы жанбай, олимпиада Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткізілді. Одан кейін 2014 жылғы Ойындарды өткізу үшін байқауға қатысқан еді, ол жолы Сочи қаласы алдын орағытып кетті.

Барлық өтінімдер қаралғаннан кейін ХОК-тің қалауы бойынша қалалар саны қысқартылады. Одан кейін іріктеудің екінші кезеңі басталады. Онда әр қала өз спорт ғимараттарының жобасы мен Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымдарын ұсынады. Бұл кезең 2015 жылдың қаңтар айында басталады, ал сол жылдың 31 шілдесінде Куала-Лумпурдегі ХОК-тің арнайы отырысында 2022 жылғы Олимпиаданың астанасы белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы 2011 жылы Астанамен бірге қысқы Азиада ойындарын өткізген, ал 2017 жылы оңтүстік астана қысқы Универсиаданы қабылдамақ.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0
Дальше