Тікелей эфир

Миға қуат беретін 19 тағам

Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.


Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды.

Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам күтеді екен?

Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар.

Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай.

Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай.

Қара шоколад. Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра түсетін кофеин де бар.

Алма. Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. Бонус: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Авокадо. Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді.

Қаражидек. Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қара-көк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады.

Даршын. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі.

Орегано. Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді.

Қырыққабат, шпинат және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғи-химиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кофе. Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар.

Тәтті картоп (батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы.

Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

Зәйтүн майы. Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы.

Балапан еті. Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды.

Жұмыртқа. Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі.

Албырт. Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр.

Ширатаки кеспесі. Жабайы ямс тамырынан дайындалады. Талшыққа бай, ал калориялары өте аз.

Көк шай. Антиоксиданттар мен метаболизм үрдісін тездететін эпигаллокатехин галлатына бай. Құрамында босаңсу және тонусты сақтауға көмектесетін L-тианин да бар. Ал кофеин, кофемен салыстырсақ, әлдеқайда аз.

Бұл тізімдегі тағамдардың қайсысы рационыңызда бар? Қайсысын қосуды жоспарлайсыз? Пікіріңізбен бөлісе отырыңыз!

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

_________________________________________________________________________

Ұқсас материалдар:

Қыста ішуге пайдалы 9 ыстық сусын

Денсаулыққа қатысты 9 күмәнді дерек

Алия Arsik
12 тамыз 2013, 10:22
34520

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Картинка с яйцами под «Балапан еті» сначала сломала мозг :) Потом дошло. Видимо, нужно покушать чего-нибудь, чтоб не тупить так :)
"Екпін" ..это сообщество ? как вступить ? )
Өте қызық. Бұрын білмеппім) Көп рахмет!
кофені алып тастар едім. Оның зиян жағы да бар ғой )
негізінен, шегін білмей жей берсе, ең пайдалы тағам да зиянды болып кетуі мүмкін ғой. кофенің жақсы альтернативасы ретінде көк шай ұсынылған))
Сосын күнде жүру пайдалы ,таза ауамен тыныстаған миға пайдалы.
Жаңғақтарды жақсы көремін, алманы да. Бірақ, қара шоколад пен кофені ұнатпаймын. Көк шай дұрыс. Өрік-мейіз де пайдалы.
кофены алып тастар едім бірақ коп рахмет
кофены алып тастар едім бірақ коп рахмет
Даршын дәмдеуішін коп пайдаланамын. Бірақ бұндай қасиеті бар екенін білмеппін)))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2911
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 1957
  • 36
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1784
  • 32
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1708
  • 14
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1566
  • 12