Тікелей эфир

Newsweek's Top 100 Books: әлемнің басты кітаптары

Newsweek журналының рейтингі бойынша, Дарвиннің әдебиетке қосқан үлесі Библия мен Маркс, Фрейд, Толкиен және Шекспирдің шығармаларына қарағанда салмақтырақ.


Ең үздік әдеби шығармалардың аса беделді ондықты сараптап, Newsweek журналы сексен алты автордың жүз төрт шығармасынан тұратын әлемнің басты кітаптар метатізімін дайындап шықты. Рейтингтің алдыңғы шебінде Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі». Бұл роман Джордж Оруэллдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильям Фолкнердің «Шу мен қаһар» сияқты шығармаларын озып шыққан.

Тізімді құрастыру кезінде Опра Уинфри, Википедия, The Guardian мен The Telegraph газеттері және арнайы классикалық Modern Library баспасының рейтингтері ескерілген.

Метатізімге Данте (10-шы орын), Маркес (17-ші), Дарвин (27-ші), Маркс (30-шы), Толкиен (35-ші), Шекспир (49-52-ші), Пруст (62-ші), Генри Миллер (82-ші), Фрейд (86-шы), Мао Цзедун (88-ші) және Джон Мейнард Кейнстың (92-ші) шығармалары енді. 41-ші орынды Библия иеленсе, 48-ші позицияны «Анна Каренина» алды.
Newsweek нұсқасы бойынша әлемдегі басты кітаптардың Топ-10 рейтінгі (толық нұсқасын журналдың сайтынан таба аласыздар):

1. Соғыс және бейбітшілік, Лев Толстой.

Наполеонға қарсы екі соғыстың (1805 және 1812 жылғы Отан соғысы) оқиғаларын сипаттайтын роман-эпопея үлкен табысқа ие болды. Романның «1805» атты үзіндісі «Русский вестникте» 1865 жылы жарияланады. 1868 жылы романның үш бөлімі жарық көреді. Шығарма тараулар мен бөлімдерге толы, олардың көбі сюжеттік тұрғыдан аяқталған, Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» оқырманды уақыт пен кеңістікке саяхатқа шақырады. «Соғыс және бейбітшілік» 1863—1869 жылдары жазылып, 1865—1869 жарияланады.

2. 1984, Джордж Оруэлл.

Іштей бостандықты аңсағаны туралы өзіне ғана айта алатын жалғыз адамның бүкіл Жүйемен күресі жайлы антиутопиялық роман. Романның атауы, ондағы терминдер және тіпті автордың есімі кейіннен жалқы есімдерге айналып, романда сипатталған тоталитарлық режимге ұқсас қоғамдық жағдайды сипаттау үшін пайдаланылатын болды. Шығарма социалистік мемлекеттерде бірнеше рет цензура құрбаны болып, Батыстағы солшыл топтар тарапынан сынға алынды.

3. Улисс, Джеймс Джойс.

Роман жеті жыл ішінде жазылып, бөлімдері «The Little Review» американдық журналының беттерінде 1918 және 1920 жылдар аралығында жарияланып тұрған. Толық нұсқасы Францияда 1922 жылы жарық көреді. Роман дублиндік Леопольд Блумның өміріндегі бір күнді (1904 жылғы 16 маусым) ғана баяндайды. Осы күнін Лео баспаханада, Дублиннің көшелері мен кафелерінде, өз танысын жерлеу рәсімінде, жағажайда, жергілікті мектеп мұғалімі Стивен Дедалмен танысқан перзентханада, қордада және үй-жайсыз қалған Стивенді ертіп әкелген өз үйінде болады. Романның басты интригасы әйелі Блумның көзіне шөп салуында ғана емес, Леоның бұны біле тұра, еш әрекетке бармайтындығында.

4. Лолита, Владимир Набоков.

Роман ағылшын тілінде жазылып, 1955 жылы париждік «Олимпия Пресс» баспаханасынан шығады. «Лолита» Набоковтың ең әйгілі шығармаларының бірі және жазушының күрделі сөз иірімдері мен баяндауыш детальдарға аса мән беретіндігін байқатады. Романның тақырыбы сол кезде қоғам үшін ақылға сыйымсыз болатын – есейген ер адамның он екі жасар қызға ғашық болуы.

5. Шу мен қаһар, Уильям Фолкнер.

Фолкнердің бұл төртінші романы ұзақ уақыт бойы коммерциялық сұранысқа ие болмады. Екі жылдан кейін шыққан «Sanctuary» романының табысқа ие болуының арқасында ғана танымал бола бастады, бірақ алғашқы он алты жыл ішінде небәрі үш мыңдық тиражбен таралған. Фолкнердің Нобель сыйлығын алу кезіне қарай роман заманауи әдеби классика абыройына ие болды.

Негізгі сюжет америкалық Оңтүстіктің қарт әрі беделді әулеттерінің бірі Компсондардың күйреуін сипаттайды. Романда баяндалатын отыз жыл ішінде отбасы қаржылық күйзеліске тап болады, қаладағы абыройын төгеді, ал әулеттің көптеген мүшелерінің өмірі бірінен кейін бірі қиылып жатады.

6. Көрінбейтін адам, Ральф Эллисон.

1914-1994 жылдары өмір сүрген Ральф Эллисонның американдық жазушы ретіндегі өнер жолы өте ерекше - 1952 жылы «Көрінбейтін Адам» атты жалғыз еңбегі үшін ғана атақ-даңқы артты. Ол өз туындысында қоғамнан орын таба алмаған қара нәсілді афроамерикандықтың өмірі туралы шынайы, тірі оқиғаны сипаттайды. Сондағы ойы әлгі адам өзінен өзі көрінбейтін емес, оны айналасындағы қоғам мүшелері көрмейтінін басып айтып, кемсітушілікке дейін жеткен қоғамды кінәлайды.

7. Шамшыраққа, Вирджиния Вульф.

1927 жылы жазылған ағылшын жазушысының бесінші романы танымалдығы жағынан автордың «Миссис Дэллоуэй» сияқты шығармасынан кем түспейді. Роман Рэмзи отбасының Шотландиядағы Скай аралына 1910 және 1920 жылғы екі саяхатын сипаттайды. «Шамшыраққа» Марсель Пруст пен Джеймс Джойс модернизм әдебиетінің дәстүрін кеңейтіп, сюжеттен гөрі философиялық сараптамаға басымдық береді.

1998 жылы кітап «Жаңа кітапхана пікірі бойынша 100 үздік роман» тізіміне еніп, редакторлар пікірінше 15 орынды иеленеді. 1983 жылы кітап бойынша кино түсірілді.

8. Илиада және Одиссея, Гомер.

Троя мифологиясында «Илиадаға» дейін көптеген мифтер Стасин Кипрскийдің «Киприи» поэмасында баяндалған. Бұл мифтерден Троя соғысының себептерімен танысуға болады. «Илиада» соғыстың оныншы жылын, Трояның құлауына жақын қалған уақытты қамтиды. Алайда Трояның құлауы «Илиадада» баяндалмайды, шығармадағы оқиғалардың ұзақтығы небәрі 51 күн, алайда поэма соғыс уақытының көрінісін толықтай сипаттап береді.

«Одиссея» – Одиссей патша туралы оның атымен аталған поэма. Одиссейдің үйіне оралуы он жылға созылады, бұл туралы әңгіме Одиссейге кезіккен бір патшаның тойында айтылады.

Екі шығарма («Илиада» да, «Одиссея» да) жиырма төрт өлеңнен тұрған. Гомердің поэмаларында күнделікті тұрмыс соғыспен емес, керісінше, соғыс күнделікті бейбіт өмір картиналарымен беріледі. «Илиада» мен «Одиссеяның» өлеңдері гекзаметрмен (алты тармақты дактиль) жазылғандықтан, поэмалардан салтанаттылық пен баяуламалық сарын байқалады.

Илиада

Одиссея

9. Тәкаппарлық пен жаңылыс, Джейн Остин.

«Тәкаппарлық пен жаңылыс» — ағылшын жазушысы өткір әрі жеңіл баяндаған адам жанының хикаясы. Уақыт сынынан өткен роман әлемдік классикада әлі де болса үздіктердің қатарында, ал мистер Дарси жүрекжаулаушылардың алдыңғы шебінде.

1813 жылғы алғаш жарияланған кітаптың мұқабасы

Жаңа мұқабасы

10. Құдіретті комедия, Данте Алигьери.

Негізінен, шығарма алғашында жай ғана «Комедия» деп аталатын. Дантенің ұлы шығармаларына тәнті болған халқы кейіннен оны (XVI ғ.) «Құдіретті комедия» деп атады. «Құдіретті комедия» (1307 - 1321) кейін әлемге әйгілі шығарма болды. Данте бұл шығармасында орта ғасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан тазаруына жол ашады және ұжмақтан өткізеді.

Дантенің «Құдіретті комедия» шығармасы «Тамұқ», «Күнәдан тазару», «Жұмақ» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Тамұққа, терең жер астына, күнәһар адамзат өкілдері, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскендер тауға шығып, күнәдан тазарған соң, жұмаққа кіреді. Күнәдан тазарып, жұмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді. Ал жұмаққа кіргендер өмірін мәңгібақи рахатта өткізеді.

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

@Cockroach

Алия Arsik
9 тамыз 2013, 11:30
4929

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
0
0
Үздік ондықтың тек екеуін ғана оқыппын...
Arsik
0
0
қандайларын)? әйтпесе мен де 2 ғана, + Дантены бастап, тастап кеткем, ұят болса да айтайын)
Aikona
1
0
Тәкаппарлық пен жаңылыс, Соғыс және бейбітшілік екеуін
Странная десятка. Внезапно Вульф, причем еще не «Миссис Дэллоуэй».
А так, например, «Анна Каренина» и «Мадам Бовари» намного лучше, чем «1984», занявший вторую строчку.
Обложка «Улисса» классная.
Мен де 2 гана окыппын - Дантени жане Толстойды.
Орыстар жасаған тізім сияқты - екі кітабын қыстырыпты...
1. Английских авторов больше.
2. «Лолита» — чисто американский роман.
Менің оқитын кітаптар тізіміме Шу мен қаһар, Көрінбейтін адам және Шамшыраққа қосылды. Және Дантені бітіру керек, ұят болады ;)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8689
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6029
  • 23
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3578
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2684
  • 30
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2066
  • 6