Barcamp Central Asia'10 қатысушыларына!

Асхат Еркімбай 2010 M03 31
1343
0
0
0

BarCamp Central Asia 2010: жолақы грантына өтініш беру басталды! BarCampCA’10 өтетін күн де алыс емес! Аталған шараға қатысқысы келетін жастардың көп болары сөзсіз. Осы орайда қуанышты хабармен...

BarCamp Central Asia 2010: жолақы грантына өтініш беру басталды!

BarCampCA’10 өтетін күн де алыс емес! Аталған шараға қатысқысы келетін жастардың көп болары сөзсіз. Осы орайда қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Сорос-Қазақстан Қоры еліміздің түкпір-түкпірінен келетін қатысушылардың жолақысы шығынын көтеру үшін арнайы гранттар бөліп отыр.

Сонымен егер BarCamp Central Asia 2010-ға қатысымен десеңіз, әрі Алматы қаласынан (облысынан) тысқары жерде тұрсаңыз жол шығынын өтейтін грантқа өтініш бере аласыз. Грант саны шектеулі екенін ұмытпаңыз.

Былтырғыдай бізге Сорос-Қазақстан қоры демеу көрсетіп, 2010 жылдың 16-18 сәуір айында Алматыда өтетін [бей]конференцияға қатысқан қазақстандықтардың келуіне және тұруына кететін шығындарды өтейді.

Грант пойызбен әлдебір қаладан Алматыға дейінгі және керісінше бағыттағы жолдың ақысын өтейді. Қажет болса, тұратын орын да беріледі (бірақ тоқтайтын үйіңіз болса, басқалармен грантпен бөлісіп, «маған тек жол ақысын өтеу керек» деп көрсетсеңіз орынды болар. Көбірек адамның қатысуына мүдделі болыңыз).

Грантты алу үшін төмендегі талаптарға сай болуыңыз керек:

·     ҚР азаматы/азаматшасы

·     Баркэмптің өтуіне шын ынтасымен атсалысу

·     Өзің жайлы қысқаша мәлімет  (Интернетте немен айналысасын, қандай жобаларынмен мақтана аласың (ондайлар бар болса), Баркемптен не күтесің? Сенің келешегің үшін аталған шараның маңызы қандай? Деген сұрақтарға жауап болуы тиіс) жазуың керексің.

·     Баркемп үшін қандай пайда бере алатыныңды айтып шық: презентация дайындау, материал, сюжет, көмекшілер қатарына қосылу.

·     Баркэмп туралы жазба мен  Сорос қорына деген алғысынды Орталық Азия Интернеті кеңістігінің қай сайтында (блог, әлеуметтік желі, твиттер және т.б.) жариялай алатыныңды көрсетіп өту.

Бұл ақпараттың барлығын жинап, «Тревел-грант» деген тақырыппен біздің электрондық адресімізге barcampkz[at]gmail[nukte]com жібер

Назар аударыңыз! Егер де хаттың тақырыбын көрсетпесеңіз немесе оны басқаша жазсаңыз, ол автоматты түрде фильтрленіп, бізге жетпей қалады.

Хаттың соңында  жолақының сомасын көрсетіңіз: 1) плацкартта немесе 2) купеде ( қалаңыздың аты  –Алматы –  қалаңыздың аты). Егер де тұратын жерге байланысты көмек қажет болса, ол туралы да жазыңыз

Өтінішті жіберудің соңғы мерзімі – 7 сәуір түнгі сағ. 12.00.

Грант саны шектеулі! Уақытты босқа  өткізбей, өтінішті қазір жіберіңіздер!

BarCamp Central Asia 2010-да кездескенше, барлығыңызға сәттілік тілейміз!

BarCamp Central Asia 2010 Ұйымдастырушылары

 

Оцените пост

0