Қазақстан Қорғаныс министрлігі Үндістан Ұлттық қорғаныс университетінде оқуға кандидаттарды іріктеу жариялайды

МО РК 2013 M07 24
230
0
0
0

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдануға кандидаттарды іріктеу жүргізуде. Пуна қаласында орналасқан әскери академияда білім алуға...

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдануға кандидаттарды іріктеу жүргізуде. Пуна қаласында орналасқан әскери академияда білім алуға тілек білдірушілер 15 шілде мен 26 тамыз аралығында жергілікті жердегі әскери комиссиариаттарға баруы тиіс.

Білім алуға арналған квоталар саны шектеулі, академия курсанты атануға барлық үміткерлердің ішінен тек бес қазақстандық мүмкіндік алады.

Кандидаттарғы мынадай бірқатар талаптар қойылады:

- Үндістан Ұлттық қорғаныс универсситетінде оқу ниет білдірушінің қабылдану сәтінде бойдақ, 17-23 жас аралығында болуы тиіс;
- орта білім туралы аттестаты болуы тиіс, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат міндетті емес;
- ағылшын тілін еркін меңгерген және оны растайтын сертификаттары немесе дипломдары боуы тиіс;
- әскери-дәрігерлік комиссиядан өту нәтижесі бойынша кандидат әскери қызметке жарамды болуы тиіс;
- үміткерлер толық арнайы тексеруден өтеді.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер құжаттарды 2013 жылғы 26 тамызға дейін қабылдайды. Келесі кезең – ағылшын тілін білуге тестілеу және дене даярлығы бойынша сынақ тапсыру. Оның барысында үміткерлердің күші, шыдамдылығы мен ептілігі тексерілетін болады. Екі сынақ та Астанада өтеді. Іріктеуден өткен кандидаттармен Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Әскери атташесімен сұхбар ұйымдастырылатын болады.

Барлық кезеңдерден табысты өткен кандидаттар Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сұхбаттасуға шақырылады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы бекіткен кандидаттар Үндістан Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға кетерге дейін тілдік даярлықтан өту үшін Құрлық әскерлері әскери инстититутына жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше