Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
22:37, 23 июня 2013

16 тур: «Ақтөбе» қара үзіп кетті

Blog post image

 

Кеше футболдан Қазақстан премьер лигасының 16 тур ойындарыөтіп, біріншілік көшбасшылары арасындағы ұпай айырмашылығы арта түсті.

«Ақтөбе» — «Астана» 2:1

Голдар: Кападзе 15, 1:0, Кападзе 17, 2:0, И. Қуат 54, 2:1

Турдың орталық матчына баланған кездесу Ақтөбеде өтті. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға жиналған жанкүйерлер тартысты ойынға куәболғанына сөз жоқ.  Көш басындағы қос команданың арасындағы мачт біраз нәрсенің түйінін шешкендей. «Ақтөбенің» өзбекстандық легионері Тимур Кападзе соққан қос гол елордалық команданың еңсесін басып тастады. Ал, «Астана» тарапынан Исламбек Қуат көзге түсті. «Астана» жеңілсе де, қазақ баласының гол соққаны көңілімізді көтеріп тастады.

«Ордабасы» — «Тобыл» 1:0

Гол: Юнузович 16, 1:0

Бүгін «Ордабасы» ерледі. Қашанда ел чемпионатындағы фавориттер қатарына кіретін «Тобылды» өз алаңында жеңіп кетті. Жалғыз голды соққан – Юнузович.

«Шахтер» — «Атырау » 3:2

Голдар: Джидич 8, 1:0, Тәжімбетов 50, 2:0, Чуреев 59, 2:1, Зенькович 74, 3:1, Нұрыбеков 81, 3:2

Голға бай болған кездесу Қарағандыда өтті. Чемпионат басталарда жүрісінен жаңылған «кеншілер» клубы өз күшіне қайтадан мінген сыңайлы. Қарсыласқақпасына 3 гол соқты. Бір голды Қазақстан құрамасына шақырылмай қалған Дәуренбек Тәжімбетов өз еншісіне жазды. Бірақ, турнир кестесінің бел ортасында жүрген «Атырау» да қарап қалмады. Батыстық командаға таразы басын теңестіруүшін бір гол жетпей қалды.

«Ертіс» — «Жетісу» 0:1

Гол: Саломов, 94

Ертіс жағасындағы тең ойынның тағдыры Саломовтың жалғыз голымен шешілдік. Біріншілікте ала-құла ойнап жүрген «Жетісу» үздік ұжымдардыңбірінен ұпай алып кетті.

«Восток» — «Тараз» 1:0

Гол: Ньянг

Арно Пайперс баптайтын «Тараздың» шығысқа сапары сәтсіз болды. Биыл элитаға қайта оралған «Восток» көшбасшылардың өзін сүріндіруге қабілетті «Таразды» жолдан тайдырды. «Восток» ойыншылары бұл жеңісін биыл жыл басында бақилық болған Серік Жейлітбаевтың рухына бағыштапты.

Оралда өткен «Ақжайық» пен «Қайрат» арасындағы матч тең аяқталды.


«Алаш Арена»


 
0
296
0